Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1998 жылғы 23 қараша N 4154. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ереже; 
      2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы бекітілсін.
       Ескерту. Ереже мен мемлекеттік комиссияның құрамы жариялануға жатпайды. Ережеге өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 20 сәуірдегі  N 40 өкімімен енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хатшылығының жалпы штат саны 16 мемлекеттік қызметші лауазымдарын қоса алғанда, 20 адам мөлшерінде белгіленсін.     

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті