Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмi 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3590. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Мемлекеттiк статистиканың сапасын арттыру мақсатында, оның экономиканы реформалау талаптарына, айрықша беймемлекеттiк қаржылық емес құрылымдар, елдiң төлем балансы, экономиканың аграрлық секторы, үй шаруашылықтары секторы, мемлекеттiк меншiктi есепке алу жай-күйiнiң нақты көрiнiс табуы бөлiгiнде сәйкессiздiгiн атап көрсете отырып: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты әрi есеп беретiн ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңестi құрып, оның қызметi туралы Ереженi бекiтетiн болсын. 
      2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 
      - мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      - статистикалық есептiлiктiң жаңа әдiстемелерi мен нысандарын қарау;
      - мемлекеттiк статистиканы жетiлдiруге байланысты iс-шаралар жоспарын әзiрлеу болып белгiленсiн.  

      Қазақстан Республикасының
      Президентi