1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Үкiметтiң, орталық мемлекеттiк органдардың, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты әрi есеп беретiн ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңестi құрып, оның қызметi туралы Ереженi бекiтетiн болсын.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
- мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне ғылыми-әдiстемелiк
басшылықты жүзеге асыру; - статистикалық есептiлiктiң жаңа әдiстемелерi мен нысандарын қарау; - мемлекеттiк статистиканы жетiлдiруге байланысты iс-шаралар жоспарын әзiрлеу болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Президентi