Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімі

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 88 Жарлығына сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мынадай:
      1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      3) қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      4) саяси-қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      5) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі;
      6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) осы өкімге 1-7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының лауазымдық құрамы;
      2) осы өкімге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының үлгілік ережесі бекітілсін.
      3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкімінің 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
1-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Сыртқы істер министрі, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
      Қорғаныс министрінің орынбасары Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары
Сыртқы істер министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
2-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қорғаныс министрі, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры
      Сыртқы істер министрінің орынбасары
      Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары
      Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы
      Қорғаныс министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
3-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Ішкі істер министрі, комиссия төрағасы
      Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      Бас прокурордың орынбасары
      Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
      Әділет вице-министрі
      Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Ішкі істер министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
4-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
саяси қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
      Бас прокурордың орынбасары
      Әділет вице-министрі
      Мәдениет және ақпарат вице-министрі
      Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
5-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Мәдениет және ақпарат министрі, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
      Бас прокурордың орынбасары
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
      Көлік және коммуникация вице-министрі
      Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі
      Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
6-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
      Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
      Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
      Ауыл шаруашылығы вице-министрі
      Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
      Көлік және коммуникация вице-министрі
      Қаржы вице-министрі
      Мұнай және газ вице-министрі
      Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
7-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ

      Қоршаған орта және су ресурстары министрі, комиссия төрағасы
      Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
      Бас прокурордың орынбасары
      Ауыл шаруашылығы вице-министрі
      Білім және ғылым вице-министрі
      Денсаулық сақтау вице-министрі
      Төтенше жағдайлар вице-министрі
      Мұнай және газ вице-министрі
      Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қызметкері, комиссия хатшысы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2013 жылғы 19 қарашадағы
№ 248 өкіміне     
8-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
ведомствоаралық комиссиялары туралы
ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі - Қауіпсіздік Кеңесі) қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Ведомствоаралық комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы үлгілік ереже құрайды.

2. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері,
функциялары және құқықтары

      3. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына материалдар дайындау;
      2) Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсырмасы бойынша талдамалық және зерттеу жұмысын орындау;
      3) Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің айналысатын бағыты бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау;
      4) Қауіпсіздік Кеңесін айналысатын бағыты бойынша хабардар ету.
      4. Негізгі міндеттеріне сәйкес ведомствоаралық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:
      1) айналысатын бағытына қатысты ахуалдың дамуын кешенді талдауды жүзеге асыру;
      2) айналысатын бағыт бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және оларға баға беру;
      3) айналысатын бағыт бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарау;
      4) адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларға жедел ден қою үшін шешімдердің жобаларын дайындау;
      5) айналысатын бағыты бойынша ұсынымдар тұжырымдау, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің жобаларына ұсыныстар дайындау;
      6) ұлттық қауіпсіздік, оны қамтамасыз ету стратегиясы мен қорғау шаралары мәселелері жөніндегі заң жобаларын талдап, олар бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынымдар беру;
      7) айналысатын бағыт бойынша Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу, Қауіпсіздік Кеңесіне анықталған кемшіліктерді, олардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      8) адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.
      5. Ведомствоаралық комиссия негізгі міндеттерін және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз қызметінің бағытына қатысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен:
      1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдардан, мекемелер мен лауазымды адамдардан барлық қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдарын және ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
      3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      4) жүргізілген талдаудың, зерттеулер мен тексерулердің нәтижелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырыстарының күн тәртібіне мәселелерді енгізу қажеттігі туралы Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар енгізуге;
      5) ғылыми, ақпараттық, талдамалық жұмыстарын орындау үшін ғалымдар мен мамандарды тартуға құқылы.

3. Ведомствоаралық комиссияны қалыптастырудың және
оның қызметінің тәртібі

      6. Ведомствоаралық комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
      7. Ведомствоаралық комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы бекітеді.
      Ведомствоаралық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары, сондай-ақ өзге де адамдар кіруі мүмкін.
      Ведомствоаралық комиссияның құрамы, әдетте, төрағаны, төрағаның орынбасарын, хатшыны және комиссияның басқа да мүшелерін қамтиды.
      8. Ведомствоаралық комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді өкілдері ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      9. Ведомствоаралық комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының тапсырмаларына сәйкес өткізіледі.
      Отырыстарды төраға, ал ол болмаған кезде орынбасары шақырады.
      10. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      Ведомствоаралық комиссияның отырысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары (немесе олардың орынбасарлары) және өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
      11. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең бөлінген жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ведомствоаралық комиссияның мүшесі өз пікірін жазбаша түрде білдіре алады, ол отырыс хаттамасына қоса тіркеледі.
      Ведомствоаралық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы қол қояды және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы бекітеді.
      12. Ведомствоаралық комиссияның, хаттамалық шешімдері орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда міндетті түрде қаралуға жатады.
      Тиісті мемлекеттік органдардың басшылары ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімдерін қараудың нәтижелері туралы басшысы тиісті ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылатын мемлекеттік органды белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
      13. Ведомствоаралық комиссия әзірлеген ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына ұсынылады.