Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 ақпандағы № 87 Өкімі

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат; 2011 ж., № 37, 445-құжат):
      тақырыбындағы «құрамы» деген сөзді «дербес құрамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы                Министрінің орынбасары,

Қазыханов                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы                  министрі,

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы              Министрінің орынбасары,

Сағынтаев                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы              даму және сауда министрі;

      мына:

«Исекешев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы                Министрінің орынбасары - Қазақстан
                               Республикасының Индустрия және жаңа
                               технологиялар министрі»,

«Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы              көмекшісі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Исекешев                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                және жаңа технологиялар министрі»,

«Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы              Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан Ж.С.Айтжанова, Ө.Е.Шөкеев, Қ.Б.Саудабаев шығарылсын;
      2) «Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 206-құжат; 2006 ж., № 10, 88-құжат; № 50, 529-құжат; 2007 ж., № 2, 22-құжат; № 13, 146-құжат; № 45, 528-құжат; 2008 ж., № 1, 1-құжат; № 28, 263-құжат; 2009 ж., № 21, 186-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 32, 295-құжат; 2010 ж., № 31, 235-құжат; 2011 ж., № 44, 575-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 57-бабына сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының мынадай құрамы белгіленсін:

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға

Ахметов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы                Министрінің Бірінші орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы                Министрінің орынбасары, төрағаның
                               орынбасары

Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы              Министрінің орынбасары, төрағаның
                               орынбасары

Кармазина                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы               вице-министрі, хатшы

Комиссия мүшелері:

Абайділдин                   - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Талғатбек Жәмшитұлы            Сенаты Экономикалық даму және
                               кәсіпкерлік комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Ахметов                      - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Рашит Сайранұлы                Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Әбдіқалықова                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы              халықты әлеуметтік қорғау министрі

Әйімбетов                    - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Сейітсұлтан Сүлейменұлы        Мәжілісі Экономикалық реформа және
                               өңірлік даму комитетінің төрағасы
                               (келісім бойынша)

Дәленов                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы              вице-министрі

Ерғожин                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                 вице-министрі

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы              министрі

Имашев                       - Қазақстан Республикасының Әділет
Берік Мәжитұлы                 министрі

Исекешев                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы                және жаңа технологиялар министрі

Қарақұсова                   - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Гүлжан Жанпейісқызы            Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
                               төрайымы (келісім бойынша)

Қошанов                      - Қазақстан Республикасы
Ерлан Жақанұлы                 Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович         Төрағасы

Сағынтаев                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы              даму және сауда министрі

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы              Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Тәжияқов                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы           Төрағасының орынбасары

Шолпанқұлов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы             вице-министрі».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев