Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 318 Өкімі

Қолданыстағы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж.,  N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат, N 45, 528-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат; N 28, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта "55" деген цифрлар "57" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін

Ахметов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы            орынбасары, төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері:
Әбдіқалықова             - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы          халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Әбдірахымов              - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы    Кеңсесінің Басшысы,

Ищанов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қайрат Қыдырбайұлы         Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің
                           төрағасы (келісім бойынша),

Марченко                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович     Төрағасы

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасының экономика және
Тимур Мұратұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Рашид Төлеутайұлы

      мына жолдар:
"Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           орынбасары, төрағаның орынбасары"

      мынадай редакцияда жазылсын:
"Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ғ.О. Пірматов, Б.Ә. Сағынтаев, З.Я. Балиева, Ә.Ғ. Сәйденов, М.С. Өтебаев, Б.М. Сапарбаев шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев