Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 318 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат, N 45, 528-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат; N 28, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта "55" деген цифрлар "57" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін

      Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Серік Нығметұлы орынбасары, төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері:

      Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және

      Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі,

      Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Ғабидолла Рахматоллаұлы Кеңсесінің Басшысы,

      Ищанов - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Қайрат Қыдырбайұлы Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің

      төрағасы (келісім бойынша),

      Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      Григорий Александрович Төрағасы

      Сүлейменов - Қазақстан Республикасының экономика және

      Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

      Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

      Рашид Төлеутайұлы

      мына жолдар:

      "Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төрағаның орынбасары"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Ғ.О. Пірматов, Б.Ә. Сағынтаев, З.Я. Балиева, Ә.Ғ. Сәйденов, М.С. Өтебаев, Б.М. Сапарбаев шығарылсын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев