Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 99 Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 05.06.2025 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.


      ПҮАЖ-да жариялануға тиіс (үзінді)

      1) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкiмiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы Ереженiң 4-тарауының 5-тармағындағы "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегі N 323 өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға,

      Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi,

      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы;

      көрсетiлген комиссия құрамынан Б.М. Имашев, М.К.Әбiлхатаев, А.А.Тiлеубердин шығарылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi