"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі енгізілсін;
аталған комиссияның құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті