Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 маусымдағы N 555 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі енгізілсін;

      аталған комиссияның құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті