"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 291 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 43-құжат; N 25, 258-құжат; N 40, 406-құжат; 2003 ж., N 27, 251-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Президентінің көрсетілген өкімімен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Медібайұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрі,
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әнуар Ғалимоллаұлы Банкінің Төрағасы;
мынадай:
"Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрі, төраға"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Марченко - Қазақстан Республикасы
Григорий Александрович Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төрағаның орынбасары"
мынадай:
"Есімов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі,
орынбасар"
деген жолдағы "орынбасар" деген сөз "төрағаның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай:
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі бюджет саясаты және
жоспарлау департаментінің директоры,
хатшы",
"Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік жоспарлау
бірінші вице-министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі, хатшы",
"Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі",
мынадай:
"Марченко - Қазақстан Республикасының
Григорий Александрович Ұлттық Банкінің Төрағасы"
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген Комиссия құрамынан: Павлов Александр Сергеевич, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті