Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 7 ақпан N 291. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2005.04.06. N 537 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
      1. Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкiлеттi мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылсын.
      2. Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар құрылсын.
      3. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы, Әдiлет министрi, Жоғарғы Соттың Төрағасы осы Жарлықпен құрылған соттардың төрағалары мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi шараларды заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына осы соттардың кадр құрамы жөнiнде ұсыныстарды табыс етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгі жөнiндегi комитет осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      5. "Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 535 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 1-құжат) өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Жарлықтың атауындағы "Алматы және Қарағанды қалаларында" деген сөздер "Алматы қаласында және Қарағанды облысында" деген сөзбен алмастырылсын;
      1-тармақтағы "Алматы және Қарағанды қалаларында" деген сөздер "Алматы қаласында және Қарағанды облысында" деген сөзбен алмастырылсын.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті