Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 435 өкімі

Қолданыстағы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып:
      1) мүдделі мемлекеттік органдардың террористік және экстремистік көріністерді анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы қызметін үйлестіруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығын (бұдан әрі - Орталық) құратын болсын;
      2) бір ай мерзімде Терроризмге қарсы орталықтың құрылымын және ережесін бекітсін;
      3) Орталықтың штабында тұрақты негіздеме жұмыс істеу үшін өз қызметкерлерін жіберуді қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына қазіргі штат санының есебінен Орталықтың штабын құру жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымына толықтыру енгізуді көздейтін жарлық жобасын енгізсін.

      3. Орталықтың қызметін қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүргізілсін. Орталық штабы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді олар штатында тұратын мемлекеттік органдар жүзеге асырсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті