Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 435 өкімі

Жаңартылған

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетімен бірлесе отырып:
      1) мүдделі мемлекеттік органдардың террористік және экстремистік көріністерді анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы қызметін үйлестіруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығын (бұдан әрі - Орталық) құратын болсын;
      2) бір ай мерзімде Терроризмге қарсы орталықтың құрылымын және ережесін бекітсін;
      3) Орталықтың штабында тұрақты негіздеме жұмыс істеу үшін өз қызметкерлерін жіберуді қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.04.08. N  544  өкімімен.

       1-1. Орталыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қауiпсiздiк жүйелерiн және террористiк қатердi бейтараптандыруға дайындықты күшейту жөнiндегі шаралар кешенiн iске асыруға, оның iшiнде Терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы күрес жөнiндегі мемлекеттiк бағдарламада көзделген бақылауды жүргiзу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлсiн.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.04.08. N  544  өкімімен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына қазіргі штат санының есебінен Орталықтың штабын құру жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымына толықтыру енгізуді көздейтін жарлық жобасын енгізсін.

      3. Орталықтың қызметін қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiнe және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүргізілсін. Орталық штабы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді олар штатында тұратын мемлекеттік органдар жүзеге асырсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.04.08. N  544  өкімімен.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті