Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының және ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2002 жылғы 25 қазан N 320

Қолданыстағы
       1. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы туралы"

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қазандағы N 169  

N000169_

  
өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының жаңа құрамы 
1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
     
      2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық 
комиссияларының құрамы 2-6-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
     
      3. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық 
комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 
ақпандағы N 120  

N000120_

  өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;".
     
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 маусымдағы N 
148қ, 2001 жылғы 13 наурыздағы N 203қ өкімдерінің күші жойылды деп 
танылсын.
     
      Қазақстан Республикасының
             Президенті
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                        Президентінің
                                                  2002 жылғы 25 наурыздағы
                                                        N 320 өкімімен
                                                          бекітілген
                                                           1-қосымша
     
                 Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
                       Кеңесі инспекциясының
                               ҚҰРАМЫ
     
      Қасымов              - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
      Әлібек Хамитұлы         Кеңесі Хатшысының орынбасары,
                              инспекциясы төрағасы
     
                       Инспекцияның мүшелері:
     
      Даңғұлов              - Қазақстан Республикасы Қарулы
      Қазкей Ысқақұлы         Күштері Бас штабының ұйымдастыру-
                              жұмылдыру департаменті бастығының
                              орынбасары
     
      Мырзалбаев            - Қазақстан Республикасы Қаржы
      Нағмар Айтмаханұлы      полициясы агенттігі департаменті
                              бастығының орынбасары
     
      Найзабеков            - Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Сабыржан Рамазанұлы     қауіпсіздік комитеті әскери қарсы
                              барлау департаменті басқармасының
                              бастығы
     
      Тілегенов             - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Абайхан Балықбайұлы     министрлігі Қаржы бақылау
                              комитетінің басқарма бастығының
                              орынбасары
     
      Фейдуәлиев            - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Нұрмұхан Абылханұлы     министрлігі әскери-тергеу
                              департаментінің бастығы
     
      Шойынбаев             - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
      Мәлік Өлмесұлы          Кеңесі Хатшылығының бас
                              сарапшысы
      
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.