Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары бойынша:
1) сыртқы саясат мәселелері жөніндегі;
1-1) әскери қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi;
2) ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
4) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі;
5) дағдарыстық ахуалдарда басқару жөніндегі;
6) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 25.03.2002 N 320; 24.10.2003 N 425; 25.09.2006 N 68; 21.01.2009 N 292 Өкімдерімен.2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 21.01.2009 N 292 Өкімімен.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің:
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 41 ;
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 80 өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 120 өкіміне N 2 қосымша |
Ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
Ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрам алып тасталды - ҚР Президентінің 21.01.2009 N 292 Өкімімен.