Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2000 жылғы 3 қараша N 173

Қолданыстағы
      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 16 маусымдағы N 3041 U963041_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 238-құжат) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) бекітілген Қамқоршылар Кеңесінің құрамына "Проктер энд Гэмбл" компаниясы өкілдігінің

басшысы Танкут Турнаоғлы, ТМД-дағы "Кока Кола" компаниясының басшысы 
Дамманн Хеублайн енгізілсін. 
     2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ Қамқоршылар 
Кеңесінің құрамынан Ханс-Питер Хайсен шығарылсын. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.