Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 маусымдағы N 3041 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1995 жылғы жылдық есебiн қарай келiп, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының Z952155_ 3-бабына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының Z952733_ 15-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Артур Андрсен" аудиторлық фирмасының қорытындысы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 222903.5 млн теңге сомасындағы баланс валютасымен және 7 981.8 млн теңге сомасындағы пайдасымен 1995 жылғы қызметiнiң нәтижесi туралы жылдық есебi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1995 жылғы жылдық есебiн жарияласын.
      3. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1996 жылғы қызметiнiң нәтижесi бойынша күтiлiп отырған пайдадан:
      - жарғылық қорға - 0;
      - резервтiк қорға - 0;
      - өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорына - 2537 млн. теңге жiберiлсiн.
      Ұлттық Банктiң 1996 жылғы нақты алынған пайдасының қалған бөлiгi республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiлсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi