Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 ж. 8 тамыз N 2400
Қолданыстағы1. 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2202 K952202_ қаулысымен бекiтiлген әскери қызметшiлердiң (шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақыларына 1,12 түзетiлген есептеу коэффициентi қолданылсын.
2. Қызметте тұрған әскери қызметшiлердiң iшкi iстер органдардың қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақылары мен әскери атақтары бойынша және арнаулы әскери атақтары бойынша жалақылары, бұрын тағайындалған зейнетақылары 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап қайта есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi