1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 1 тамызға дейiн:
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқамаларын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi