Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы жөнiндегi Сараптық-консультативтiк кеңес туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 1995 жылғы 22 мамырдағы N 2292

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талдау
және оған тәуелсiз сараптаманы жүзеге асыру мақсатында қаулы 
етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан мынадай
құрамда Сараптық-консультативтiк кеңес құрылсын:
     Басин Ю.Г.           - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
                            заң институтының профессоры, заң ғылымының 
                             докторы;
     Ким В.А.             - ҚазМҰУ-дың мемлекеттiк құқық кафедрасының
                            меңгерушiсi, заң ғылымының докторы;
     Колпаков К.А.        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң       
                            Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiндегi
                            жеке өкiлi, заң ғылымының кандидаты;
     Котов А.К.           - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
                            заң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу
                            орталығы директорының орынбасары, заң
                            ғылымының докторы;
     Мұхамеджанов Б.Ә.    - Қазақстан Республикасы Президентi
                            Аппаратының Заң шығару бастамашылығы
                            және құқықтық сараптама бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi;
     Нұрпейiсов Е.Қ.      - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
                            заң институтының ректоры, заң ғылымының
                            кандидаты
     Сапарғалиев Ғ.С.     - Мемлекет және құқық институтының
                            директоры, Қазақстан Республикасы
                            ҰҒА-ның корреспондент - мүшесi;
     Сүлейменов М.К.      - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
                            заң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу
                            орталығының директоры, Қазақстан
                            Республикасы ҰҒА-ның корреспондент -
                            мүшесi (ғылыми жетекшi);
     Шәйкенов Н.А.        - Әдiлет министрi, заң ғылымының докторы.
     Келiсiм бойынша шетелдiк сарапшылардың мынадай құрамы
белгiленсiн:
     Алексеев С.С.        - Ресей Федерациясы Зерттеу орталығы
                            ғылыми кеңесiнiң төрағасы;
     Жак Аттали           - Франция Мемлекеттiк кеңесiнiң кеңесшiсi;
     Роллан Дюма          - Франция Конституциялық Кеңесiнiң
                            төрағасы.
     Сараптық-консультативтiк кеңес жұмысты осы жылғы 10 мамырға
қарай аяқтайтын болсын.
     2. Сараптық-консультативтiк кеңеске Қазақстан Республикасы
жаңа Конституциясының жобасын бүкiлхалықтық талқылау барысында
айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды қарап, қорыту тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының 
          Президентi