Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талдау және оған тәуелсiз сараптаманы жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан мынадай құрамда Сараптық-консультативтiк кеңес құрылсын:
Басин Ю.Г. - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
заң институтының профессоры, заң ғылымының
докторы;
Ким В.А. - ҚазМҰУ-дың мемлекеттiк құқық кафедрасының
меңгерушiсi, заң ғылымының докторы;
Колпаков К.А. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiндегi
жеке өкiлi, заң ғылымының кандидаты;
Котов А.К. - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
заң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу
орталығы директорының орынбасары, заң
ғылымының докторы;
Мұхамеджанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасы Президентi
Аппаратының Заң шығару бастамашылығы
және құқықтық сараптама бөлiмiнiң
меңгерушiсi;
Нұрпейiсов Е.Қ. - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
заң институтының ректоры, заң ғылымының
кандидаты
Сапарғалиев Ғ.С. - Мемлекет және құқық институтының
директоры, Қазақстан Республикасы
ҰҒА-ның корреспондент - мүшесi;
Сүлейменов М.К. - Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк
заң институты Жеке құқық ғылыми-зерттеу
орталығының директоры, Қазақстан
Республикасы ҰҒА-ның корреспондент -
мүшесi (ғылыми жетекшi);
Шәйкенов Н.А. - Әдiлет министрi, заң ғылымының докторы.
Келiсiм бойынша шетелдiк сарапшылардың мынадай құрамы
белгiленсiн:
Алексеев С.С. - Ресей Федерациясы Зерттеу орталығы
ғылыми кеңесiнiң төрағасы;
Жак Аттали - Франция Мемлекеттiк кеңесiнiң кеңесшiсi;
Роллан Дюма - Франция Конституциялық Кеңесiнiң
төрағасы.
Сараптық-консультативтiк кеңес жұмысты осы жылғы 10 мамырға
қарай аяқтайтын болсын.
2. Сараптық-консультативтiк кеңеске Қазақстан Республикасы
жаңа Конституциясының жобасын бүкiлхалықтық талқылау барысында
айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды қарап, қорыту тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi