Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының Заң актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар бар Жарлығына сәйкес келтiру Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс берсiн;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрiлсiн; Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарын және мемлекеттiк комитеттерiнiң аталған Жарлыққа қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi