1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне 1995 жылғы 1 маусымға дейiн ұсыныс берсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқамаларын қайта қарауын және күшiн жоюын 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн қамтамасыз етсiн.
2. Осы Қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi