"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегі N 2236 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне 1995 жылғы 1 маусымға дейiн ұсыныс берсiн.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн сәйкестендiрсiн.
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқамаларын қайта қарауын және күшiн жоюын 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн қамтамасыз етсiн.
      2. Осы Қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi