Мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары республика аумағында заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданып отырған шаралардың пәрмендiлiгiнiң төмендiгi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi жүзеге асыру және азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда елеулi кедергiлер туғызып отыр.
Ұйымдасқан қылмыс нысандарының, лауазымды адамдар тарапынан жемқорлықтың, ұрлықтың, қиянат жасаушылықтың өсе түсуi айрықша қауiптi болып табылады. Атыс қаруын пайдаланып қылмыс жасау барған сайын етек алып келедi. Құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыруда да елеулi кемшiлiктер бар.
Заңдылықты, құқық тәртiбi мен тәртiптi одан әрi нығайту, азаматтардың жеке басының және мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. <*>
Ескерту. 1-шi тармақ күшiн жойған - ҚР Президентiнiң 1995.03.17. N 2127
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасының орындалу барысын қарап, жүргiзiлiп жатқан жұмысты жандандыру жөнiнде шаралар қолдансын.
1994 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде аталған бағдарламаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар табыс ететiн болсын;
- маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi-құмарлыққа қарсы күрес жөнiнде үкiмет бағдарламасын әзiрлеп, 1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн бекiтетiн болсын;
- прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, әдiлет, кеден және салық органдарының материалдық және техникалық жарақтандырылуын нығайту мақсатында ұйымдасқан қылмысқа, жемқорлық пен контрабандаға қарсы күреске жәрдемдесу жөнiндегi мамандандырылған республикалық бюджеттен тыс қор құру тәртiбiн қайта қарасын.
Сот шешiмiмен алынған және тәркiленген көлiк пен техника құралдарын құқық қорғау органдарына берудiң, сондай-ақ қылмыстан шеккен залал үшiн өндiрiп алынған соманың бiр бөлiгiн аударудың пәрмендi тетiгiн әзiрлесiн.
3. <*>
4. <*>
Ескерту. 3 және 4-тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1995.03.17. N 2127 қаулысымен.
5. Меншiк нысанына қарамастан республика кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары еңбек ұжымдары мүшелерiн құқық бұзуға, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға қылмысты қол сұғуға итермелейтiн себептер мен шарттарды жою жөнiндегi құқық қорғау органдарының ұсыныстары мен нұсқамаларын тез арада қарап, шаралар қолдануға мiндеттелсiн.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы талаптың бұзылуы үшiн басшылардың жауапкершiлiгiн арттыруды көздейтiн заң жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн.
6,7,8,9,10,11 <*>
Ескерту. 6,7,8,9,10,11-шi тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1995.03.17. N 2127 қаулысымен.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Бiлiм министрлiгi, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiмдерi 1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде ойын-сауық және спорт ғимараттарының, мектептен тыс мекемелердi пайдаланудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеретiн болсын. Оларды жөнсiз пайдаланудың барлық фактiлерi бойынша тиiстi шаралар қолданылсын.
13 <*>
Ескерту. 13-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1995. 03.17. N 2127 қаулысымен.
14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару органдары лауазымды адамдарының тәртiп, қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк жағдайына жауапкершiлiгiн арттыру туралы" 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1004 қаулысы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа қарсы күрестi күшейту туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы N 1562 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi