Ескерту. N 1-4 қосымшасында көрсетiлген ақшалай үлестерi 1994 ж. 1 сәуiрден бастап 2,5 рет көбейтiлген - бұл өзгерiстер Пpезиденттiң 1994.06.07 N 1690
қаулысымен
енгiзiлген.
Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының әлеуметтiк қорғалуын күшейту, олардың ақшалай үлесiн реттеу, тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және әскери қызметтегi мiндеттерiн орындауы үшiн оларға тиiстi жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. 1994 жылғы 1 ақпаннан бастап бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде:
әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақылары N 1-4 қосымшаларға сәйкес;
әскери қызметшiлердiң /шақырылуы бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының/ және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының әскери /арнаулы/ атақтары бойынша жалақылары N 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
N 1 қосымшада көрсетiлмеген офицерлер құрамының басқа лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылар 1,4 еседен аспайтындай болып көбейтiлсiн.
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн, мүгедектiгi бойынша зейнетақы алатын әскери қызметшiлерге және асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы алатын қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне берiлетiн зейнетақы қызметте тұратын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға сәйкес өсiрiлген ақшалай үлесiне сәйкес қайта есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1994 жылғы 25 сәуiрдегi
N 1682 қаулысына
N 1 қосымша
Негiзгi бiрүлгi лауазымдар бойынша
офицерлер құрамындағы адамдардың
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
-------------------------------------------------------------------- Лауазымдар атауы | Айлық лауазымдық
| жалақысы /теңгемен/
-------------------------------------------------------------------- 1 | 2
--------------------------------------------------------------------
1. Әскерлер бойынша
Әскерлер тегiнiң қолбасшысы 630
Корпус командирi 615
Дивизия командирi 575
Бригада командирi 525
Полк командирi 485
Батальон, дивизия командирi 420
Рота, батарея командирi 380
Взвод командирi 320
II. Шекара әскерлерi бойынша
Шекара әскерлерiнiң қолбасшысы 630
Шекара әскерлерi қолбасшысының
бiрiншi орынбасары 620
Шекара әскерлерi қолбасшысының орынбасары 615
Бөлiм бастығы 575
Бөлiмше бастығы 500
Аға офицер 475
Офицер 420
Шекара отрядының бастығы 575
Шекара отряды бөлiмшесiнiң бастығы 420
Шекара отрядының аға офицерi 415
Шекара отрядының офицерi 370
Шекара комендатурасының коменданты 435
Шекара заставасының бастығы 380
Шекара заставасы бастығының орынбасары 365
III. Республикалық ұлан бойынша
Республикалық ұлан қолбасшысы 630
Республикалық ұлан қолбасшысының
бiрiншi орынбасары 620
Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары 615
Бөлiм бастығы 575
Бөлiмше бастығы 500
Аға офицер 475
Офицер 420
IV. Iшкi әскерлер бойынша
Iшкi әскерлер қолбасшысы 630
Iшкi әскерлер қолбасшысының
бiрiншi орынбасары 620
Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасары 615
Бөлiм бастығы 575
Аға офицер 475
Офицер 420
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1994 жылғы 25 сәуiрдегi
N 1682 қаулысына
N 2 қосымша
Мерзiмiнен тыс қызметтегi прапорщиктердiң, мичмандардың,
әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ солдаттар, матростар,
сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар атқаратын әскери лауазымдарда контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
-------------------------------------------------------------------
Тарифтiк разряды | Айлық лауазымдық
| жалақысы /теңгемен/
-------------------------------------------------------------------
I 125 - 140
II 140 - 155
III 155 - 170
IV 170 - 195
V 195 - 210
VI 210 - 240
VII 240 - 260
VIII 260 - 280
IX 280 - 300
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1994 жылғы 25 сәуiрдегi
N 1682 қаулысына
N 3 қосымша
Шақырылуы бойынша қызметiн өткерiп жүрген
әскери қызметшiлердiң
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
------------------------------------------------------------------
Тарифтiк разряды | Айлық лауазымдық
| жалақысы /теңгемен/
------------------------------------------------------------------
I 20
II 25
III 30
IV 35
V 40
VI 45
Ескерту: Офицер құрамы лауазымына тағайындалған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге жалақы бiрiншi тарифтiк разряд бойынша прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге көзделген лауазымдық жалақының ең төмен мөлшерi деңгейiнде төленедi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1994 жылғы 25 сәуiрдегi
N 1682 қаулысына
N 4 қосымша
Әскери оқу орындары мен әскери бөлiмдер курсанттарының
ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ
-------------------------------------------------------------------
Курсанттардың санаты | Айлық лауазымдық
| жалақысы /теңгемен/ --------------------------------------------------------------------
Оқуға қабылданар алдында мiндеттi әскери
мерзiмдi қызметте тұрмаған адамдардың
қатарындағы курсанттар:
жоғары әскери оқу орындарында:
бiрiншi және екiншi курстарда 45
үшiншi және одан кейiнгi курстарда 85
орта әскери оқу орындарында:
бiрiншi және екiншi курстарда 35
үшiншi және одан кейiнгi курстарда 70
Мiндеттi әскери мерзiмдi қызметке тiкелей
шақырудан кейiн оқуға қабылданған адамдардың
қатарындағы курсанттар:
техниктер, прапорщиктер мектебiнде 30
әскери оқу бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнде 20
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер әскери бөлiмдердегi
қатарындағы курсанттар /2 пунктте көрсетiлген соңғы штаттық
курсанттардан басқасы/ лауазымдар бойынша,
бiрақ 1 және 2
тармақтарда көзделген
жалақылардан кем емес
Офицерлiк атағы жоқ және казармалық
жағдайда ұсталмайтын жоғары әскери оқу
орындарының тыңдаушылары 180
Суворовшылар, нахимовшылар, әскери-музыка
училищелерi мен әскери бөлiмдердiң
тәрбиеленушiлерi 15
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1994 жылғы 25 сәуiрдегi
N 1682 қаулысына
N 5 қосымша
Әскери қызметшiлердiң /шақырылуы бойынша қызмет
өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқаларының/ әскери атақтары және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының арнаулы атақтары бойынша, сондай-ақ контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң
ЖАЛАҚЫЛАРЫ
-------------------------------------------------------------------
Әскери атақтар | Айлық жалақысының
| /теңгемен/ --------------------------------------------------------------------
Қатардағы жауынгер, матрос 100
Ефрейтор, аға матрос 103
Кiшi сержант, II-баптың старшинасы 105
Сержант, I-баптың старшинасы 113
Аға сержант, бас старшина 115
Старшина, бас корабль старшинасы 120
Прапорщик, мичман 135
Аға прапорщик, аға мичман 145
Кiшi лейтенант 160
Лейтенант 180
Аға лейтенант 200
Капитан, капитан-лейтенант 215
Майор, II-шендi капитан 235
Подполковник, II-шендi капитан 250
Полковник, I-шендi капитан 270
Генерал-майор, контр-адмирал 295
Генерал-лейтенант, вице-адмирал 325
Генерал-полковник, адмирал 350
Армия генералы, флот адмиралы 380