Уран өнiмiн экспорттаудан валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне сату жөнiндегi ставканың мөлшерiн өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 ж. 26 тамыз N 1332

Қолданыстағы
      Металлургия және тұтыну нарығын молықтыру жөнiндегi ұлттық бағдарламалардың жобаларына енгiзiлген уран өнеркәсiбiнiң конверсияланатын кәсiпорындарында жаңа қуаттарды тез арада құрудың маңыздылығын ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Экспорттаушы кәсiпорындарда қалатын уран өнiмiн экспорттаудан

валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн кедендiк баж салығын төлегеннен кейiн
мынадай мөлшерде мiндеттi түрде сату белгiленсiн:
     _ сомның белгiленген бағамы бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкiне - 40 процентi;
     - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн тәртiпке
сәйкес өкiлеттi банкiлер арқылы iшкi валюталық нарықта - 10 процентi.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын 
қабылдаған шешiмi осы қаулыға сәйкес келтiрiлсiн.
      Қазақстан Республикасының
          Президентi