Уран өнiмiн экспорттаудан валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне сату жөнiндегi ставканың мөлшерiн өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 ж. 26 тамыз N 1332. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Металлургия және тұтыну нарығын молықтыру жөнiндегi ұлттық бағдарламалардың жобаларына енгiзiлген уран өнеркәсiбiнiң конверсияланатын кәсiпорындарында жаңа қуаттарды тез арада құрудың маңыздылығын ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
      1. Экспорттаушы кәсiпорындарда қалатын уран өнiмiн экспорттаудан валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн кедендiк баж салығын төлегеннен кейiн мынадай мөлшерде мiндеттi түрде сату белгiленсiн:
      - сомның белгiленген бағамы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне - 40 процентi;
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес өкiлеттi банкiлер арқылы iшкi валюталық нарықта - 10 процентi.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бұрын қабылдаған шешiмi осы қаулыға сәйкес келтiрiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi