Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 сәуiр N 1170. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары мен Премьер-министрдiң орынбасарларына қолданылып жүрген көлiк, тұрғын үй-тұрмыстық, медициналық және өзге қызмет көрсету жағдайлары Конституциялық Соттың Төрағасына, оның орынбасарларына; 
      Қазақстан Республикасының министрлерiне қолданылып жүрген тұрғын үй-тұрмыстық, медициналық және өзге қызмет көрсету жағдайлары Конституциялық Соттың судьяларына қолданылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi