Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 сәуiр N 1170

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары мен Премьер-министрдiң орынбасарларына қолданылып жүрген көлiк, тұрғын үй-тұрмыстық, медициналық және өзге қызмет көрсету жағдайлары Конституциялық Соттың Төрағасына, оның орынбасарларына;
      Қазақстан Республикасының министрлерiне қолданылып жүрген тұрғын үй-тұрмыстық, медициналық және өзге қызмет көрсету жағдайлары Конституциялық Соттың судьяларына қолданылсын.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi