Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 98 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Ж. Элиманов

  Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігі Төрағасының
2021 жылғы ________ № ____
бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 620 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 123295 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 128931 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 468 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 132429 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 576 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 132434 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № П-6 бұйрығы.

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № П-16 бұйрығы.

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 маусымдағы № П-64 бұйрығы.

      9. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 15 шілдедегі № П-89 бұйрығы.

      10. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы № П-57 бұйрығы.