"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Каржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 620 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 16.06.2021 № 137-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта:

      26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;

      27) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2) және 32-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      32-2) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;";

      32-3) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов