Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығы.

Жаңартылған

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы№ 427 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереже (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
төрағасының
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 9-нқ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі –Ұлттық статистика бюросы) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі –Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және өзге де функцияларды Агенттік құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Ұлттық статистика бюросы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      3. Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Ұлттық статистика бюросы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Ұлттық статистика бюросы заңнамаға сәйкес уәкілетті болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

      6. Ұлттық статистика бюросы өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық статистика бюросы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Ұлттық статистика бюросының құрылымы мен штат санын Ұлттық статистика бюросы басшысының ұсынуы бойынша Агенттік төрағасы бекітеді.

      8. Ұлттық статистика бюросының заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.

      9. Ұлттық статистика бюросының толық атауы – "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Ұлттық статистика бюросының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ұлттық статистика бюросы қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ұлттық статистика бюросына Ұлттық статистика бюросының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

      Егер Ұлттық статистика бюросына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мүндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Ұлттық статистика бюросының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Ұлттық статистика бюросының миссиясы: қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру болып табылады.

      14. Міндеттері:

      1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

      4) Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және ведомстволық статистика саласындағы құқықтық актілерді бекіту;

      3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

      4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      5) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;

      6) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;

      7) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;

      9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу;

      10) алғашқы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыру және (немесе) әкімшілікті деректерді алу, оларды қорыту мен талдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;

      11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

      12) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;

      13) статистикалық жіктеуіштерді әзірлеу және бекіту;

      14) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық жіктеуіштермен қамтамасыз ету;

      15) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

      статистикалық бизнес-тіркелім;

      халықтың статистикалық тіркелімі;

      ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі;

      тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;

      16) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;

      17) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

      18) мемлекеттік статистика органдары статистикалық қызметінің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізу және талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;

      19) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;

      20) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;

      21) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

      22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;

      23) ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін бекіту;

      24) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;

      25) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекіту;

      26) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;

      27) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      28) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;

      29) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

      30) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу;

      31) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;

      32) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;

      33) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

      34) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;

      36) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар қабылдаған, реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      37) деректер қорларды ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекіту;

      38) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргіузді ұйымдастыру нысандарын бекіту;

      39) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;

      40) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      41) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;

      42) өз құзыреті шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды қарау;

      43) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;

      44) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      45) ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      46) ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      47) пилоттық санақты жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      48) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;

      49) санақтың штаттан тыс бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлеу және бекіту;

      50) ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралды әзірлеу және бекіту;

      51) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

      52) ұлттық санақтарды өткізу;

      53) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіру;

      54) ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

      55) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыруды мен жариялауды қамтамасыз ету;

      56) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;

      57) ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекіту;

      58) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;

      59) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;

      60) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметімен қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      61) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;

      62) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;

      63) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      64) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      65) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      66) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;

      67) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

      68) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;

      69) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;

      70) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      71) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосының таратуына жататын ресми статистикалық ақпараттың таратуды қамтамасыз ету;

      72) заңнамада көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;

      73) мемлекеттік мекеменің мүлкін есептен шығару;

      74) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нысаналы бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілердің (ғимарат пен имараттар, олардың кешендері, инженерлік және көлік коммуникациялары) құрылысына техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту;

      75) тиісті қаржы жылына ведомствоға қарасты ұйымның жылдық қаржылық есебін бекіту;

      76) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бақылау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшаттарына қатысты бірлескен актіні әзірлеу және келісу;

      77) бөлінген қаражат шегінде аумақтық бөлімшелердің санақ бөлімдерінің санақ персоналы санының нормативтерін бекіту;

      77-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну;

      78) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 28.02.2022 № 9 бұйрығымен.

      16. Ұлттық статистика бюросының құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;

      4) респонденттерден өтеусіз негізде алғашқы статистикалық деректерді алу;

      5) үй шаруашылықтарынан өтеулі және өтеусіз негізде олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді алу;

      6) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

      7) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалауы анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық санақ жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;

      9) статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесін және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесін бекіту;

      10) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

      11) сапалы ресми статистикалық ақпарат пен статистикалық әдіснаманы Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы пайдаланушыларға бір мезгілде қол жеткізуіне тең құқықтарын қамтамасыз ету;

      12) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      13) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;

      14) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;

      15) Ұлттық статистика бюросының қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға пікіртерім жүргізу;

      16) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау;

      17) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар өткізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;

      18) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп тұрғындар арасында ұлттық санақтар өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      19) аумақтық статистика органдарының санақ персоналын іріктеуі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуы;

      20) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыруды және алынған деректерді өңдеуді байқаудан өткізу, сондай-ақ облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы,Ұлттық статистика бюросына ұсынуы;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      22) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын қабылданған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      23) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттейтін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

      24) Ұлттық статистика бюросының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша реттелетін саладағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

      25) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

      26) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

      27) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

      28) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қолжетімдігін ұйымдастыру;

      29) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту, ұлттық санақтарды жүргізуге арналған оқыту бағдарламаларын дайындау, сондай-ақ санақ персоналына арналған оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      30) аумақтық статистика органдарына өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;

      31) реттейтін салада жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;

      32) негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау мен орындау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;

      33) әкімшілік дереккөздерге қатысты респонденттерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау өткізуге заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық статистика бөлімшелрінің мамандарын тарту;

      34) сотқа жүгіну;

      35) "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау;

      36) бекітілген кестеге сәйкес нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      37) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Ұлттық статистика бюросының қызметін ұйымдастыру

      17. Ұлттық статистика бюросына басшылықты басшы жүзеге асырады, ол ведомствоға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Ұлттық статистика бюросының басшысын Агентттік төрағасының ұсынуы және Президент Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. Ұлттық статистика бюросы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары болады.

      20. Ұлттық статистика бюросы басшысының өкілеттіктері:

      1) Ұлттық статистика бюросына жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;

      2) штат санының лимиті шегінде Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы бойынша ұсыныстарды Агенттіктің қарауына енгізеді;

      3) өз орынбасарларының және Ұлттық статистика бюросы құрылымдық бөлімшелері басшыларыны өкілеттіктерін айқындайды;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жатқызылған жұмыскерлерді(қызметкерлерді) қоспағанда, Ұлттық статистика бюросының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Агенттікпен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      6) Ұлттық статистика бюросының еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерін (қызметкерлерін) іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін көтеру, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын, сонымен қатар ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін көтеру, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      8) Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

      9) Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларына, сонымен қатар ведомстволық бағынысты ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

      10) өз құзыретінің шегінде Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) Агенттікке Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынулар енгізеді;

      12) Ұлттық статистика бюросының жұмыскерлерін (қызметкерлерін) және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы мен жұмыскерлерін (қызметкерлерін) ведомстволық наградамен наградтау мәселелерін шешеді;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Ұлттық статистика бюросының атынан өкілдік етеді;

      14) Ұлттық статистика бюросында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды;

      15) Ұлттық статистика бюросы құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      16) Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларының және ведомстволық бағынысты ұйым басшысының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

      17) Агенттікпен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын және оның орынбасарларын тағайындайды;

      18) аумақтық органдар басшылығының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      19) алдағы тұрған жылға нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесін бекітеді.

      20) Агенттікпен келісу бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бекітеді;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Ұлттық статистика бюросының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды басшының тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.

      22. Ұлттық статистика бюросының басшысы Ұлттық статистика бюросының жанынан консультативтік-кеңесші органдар құруға құқылы.

4-тарау. Ұлттық статистика бюросының мүлкі

      23. Ұлттық статистика бюросы жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие бола алады.

      Ұлттық статистика бюросының мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Ұлттық статистика бюросының балансында көрсетілетін өзге мүліктен қалыптастырылады.

      24. Ұлттық статистика бюросына бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Ұлттық статистика бюросы өзіне бекітіп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге жол берілмейді.

5-тарау. Ұлттық статистика бюросын қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Ұлттық статистика бюросын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы ұйымдарының тізбесі

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі. 6. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

      12. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.