"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесі бекітілсін.
2. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А.Балаева |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ |
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар заңды тұлға болып табылады.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Комитет:
1) Талдау және мониторинг басқармасы;
2) Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасы;
3) Өңірлік жұмыс басқармасы;
4) Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы;
5) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы;
6) Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы;
7) Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасынан тұрады.
2-тарау. Комитет қызметінің мәні, мақсаты, функциялары, міндеттемелері, құқықтары мен міндеттері
Комитет қызметінің мәні: Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Комитеттің мақсаты: Қазақстан Республикасының этносаралық келісімін қамтамасыз ету болып табылады.
14. Комитеттің міндеттері:
1) этносаралық қатынастар, диаспоралық саясат және отандастармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
Талдау және мониторинг басқармасы:
этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерттеу және талдау;
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша зерттеулердің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;
Басқарманың құзыреті шеңберінде мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Басқарманың құзыреті шеңберінде этностық топтар бөлінісіндегі статистикалық деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
демографиялық проблемалар мен мәселелерді зерттеу саласындағы әлемдік тәжірибені талдау;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақсан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативік-құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша старатегиялық құжаттар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру
Басқарманың құзыреті шеңберінде ресми көздерден алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салыстыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерді қарау;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасы:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;
этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
әзірленетін стратегиялық құжаттарға талдау материалдарын жинау, мониторингілеу және ұсыну;
Комитеттің жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық-талдау қызметін жүзеге асыру;
республиканың және оның өңірлерінің этностық топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық деректер базасын жинақтау, жүргізу және өзектендіру;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жұйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтіқ құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Министрліктің ведомствосы құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
демографиялық (көші-қон процестерін қоса алғанда) процестерді реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық даму проблемаларын шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Комитеттің құзыреті шеңберінде этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-статистикалық жүйелерді қалыптастыру, сүйемелдеу және жандандыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Өңірлік жұмыс басқармасы:
жергілікті атқарушы органдардың Комитет реттейтін саладағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзіреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
этносаралық қатынастар саласында бірлескен іс-шаралар өткізу, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына консультациялық көмек көрсету;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысына мониторинг жасауды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік зерттеулер жүргізу жоспарын және этносаралық қатынастар саласындағы есептерді ұсыну кестесін келісу;
жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік есептердегі деректердің сәйкестігін, верификациясын талдау және сараптама жүргізу;
Басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың зерттеу басымдықтарын айқындау,
Басқарманың құзыреті шеңберінде құжаттарға (ақпаратқа) талдау жүргізу үшін қажетті өтінімдерді жергілікті атқарушы органдарға дайындау;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы:
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері мен стратегиялық құжаттарды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін талдауға қатысу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың қызметін үйлестіру (2025 жылға дейін);
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзіретіне кіретін қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын мониторингілеу қатысу;
этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету;
қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениетін қолдау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;
этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен, жастар ұйымдармен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:
мемлекеттік этносаралық саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;
мемлекеттік этносаралық саясат саласында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
этносаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақсан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыретіне кіретін қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
өз құзыреті шегінде ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар және шарттарды, оның ішінде халықаралық келісімдерді әзірлеу мен жасау;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Басқарма құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы:
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар мен диаспоралық саясатты дамыту саласындағы қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде ақпаратты Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біріңғай платформасында орналастыру және өзектендіру;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Комитеттің құзіретіне жататын қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
этносаралық қатынастар мен диаспоралық саясат саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;
қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті және отандастармен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;
Министрліктің интернет-ресурсында этносаралық қатынастар және диаспоралық саясат саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды, оқиғалық іс-шараларды орналастыру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.
Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасы:
этникалық қазақтардың шетелдерде тұратын отандастарының жағдайына мониторинг жүргізу және талдау;
шетелде тұратын отандастарды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Котитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзіретіне жататын қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Персоналды басқару департаментіне Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапамалық кеңестің қарауына енгізу;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын карау;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
шетелде тұратын отандастардың жағдайы мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
диаспоралық саясат мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
диаспоралық саясат мәселелері бойынша зерттеулердің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.09.2020 № 333 бұйрығымен.16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілер қабылдау;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
5) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізуге;
7) халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл;
8) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
18. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
12) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
2) Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;
3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және дербес құрамын Төраға бекітеді.
24. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, Министрлік пен Комитеттің бұйрықтарымен регламенттеледі.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
25. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитеттің жұмыс тәртібі
28. Комитеттің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
6-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
29. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.