Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетін құру және мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесі бекітілсін.

      2. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А.Балаева

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 02.09.2021 № 310 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитет, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілігі болған жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13. Комитет:

      1) Талдау және мониторинг басқармасынан;

      2) Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасынан;

      3) Өңірлік жұмыс басқармасынан;

      4) Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасынан;

      5) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасынан;

      6) Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасынан;

      7) Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасынан тұрады.

2-тарау. Комитет қызметінің мәні, мақсаты, функциялары, міндеттемелері, құқықтары мен міндеттері

      Комитет қызметінің мәні Қазақстан Республикасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

      Комитеттің мақсаты Қазақстан Республикасының этносаралық келісімін қамтамасыз ету болып табылады.

      14. Комитеттің міндеттері:

      1) этносаралық қатынастар, диаспоралық саясат және отандастармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      Талдау және мониторинг басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзіретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзіреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырылатын:

      республикадағы этносаралық келісімді зерттеу және талдау жасау;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша зерттеулердің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шеңберінде этностық топтар бөлінісіндегі статистикалық деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;

      демографиялық проблемалар мен мәселелерді зерттеу саласындағы әлемдік тәжірибені талдау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде ресми көздерден алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салыстыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзіретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзіреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      іске асырылатын:

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу және Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      әзірленетін стратегиялық құжаттарға талдау материалдарын жинау, мониторингілеу және ұсыну;

      басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      республиканың және оның өңірлерінің этностық топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық деректер базасын жинақтау, енгізу және өзектендіру;

      демографиялық (көші-қон процестерін қоса алғанда) процестерді реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық даму проблемаларын шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жұйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-статистикалық жүйелерді қалыптастыру, сүйемелдеу және жаңарту;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Өңірлік жұмыс басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзіретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      жергілікті атқарушы органдардың Комитет реттейтін саладағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      этносаралық қатынастар саласында бірлескен іс-шаралар өткізу, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына консультациялық көмек көрсету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысына мониторинг жасауды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік зерттеулер жүргізу жоспарын және этносаралық қатынастар саласындағы есептерді ұсыну кестесін келісу;

      жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік есептердегі деректердің сәйкестігін, верификациясын талдау және сараптама жүргізу;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың зерттеу басымдықтарын айқындау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде құжаттарға (ақпаратқа) талдау жүргізу үшін қажетті сауалдарды жергілікті атқарушы органдарға дайындау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттарды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін талдауға қатысу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау мониторингіне қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізу;

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениетінің дәстүрлерін қолдау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде кезделген өзге де функцияларды жзеге асыру.

      Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      этносаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      мемлекеттік этносаралық саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      мемлекеттік этносаралық саясат саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу:

      іске асыру:

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастарды және диаспоралық саясатты дамыту саласындағы қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      Министрліктің интернет-ресурсында этносаралық қатынастар және диаспоралық саясат саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды, оқиғалық іс-шараларды орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      Комитет қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      этносаралық қатынастар және диаспоралық саясат саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;

      қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті және отандастармен өзара іс-қимылды сақтау мен нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      диаспоралық саясат мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асыру:

      этникалық қазақтардың шетелде тұратын отандастарының жағдайын мониторингілеу және талдау;

      шетелде тұратын отандастарды қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      диаспоралармен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру және шетелде тұратын отандастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      шетелде тұратын отандастардың жағдайы мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      диаспоралық саясат мәселелері бойынша сапалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті;

      4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      5) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      6) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

      7) халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру.

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      18. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттігі шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      23. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, Министрлік пен Комитеттің бұйрықтарымен регламенттеледі.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.