"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығы.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті қамтамасыз етсін:

      1) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің бұйрығымен
бекітілген
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 30

"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 21.08.2019 № 289; 08.11.2019 №428; 27.02.2020 № 70; 01.07.2020 № 215 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілігі болған жағдайда, Министрліктің актілерімен мемлекет және Министрлік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны ауыстыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13. Комитет:

      1) Жастар саясатын үйлестіру басқармасынан;

      2) Отбасы саясатын үйлестіру басқармасынан;

      3) Мониторинг және талдау басқармасынан;

      4) Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасынан;

      5) Жобаларды үйлестіру басқармасынан құралады.

2-тарау. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Миссиясы:

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру.

      15 Міндеттері:

      1) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      Функциялары:

      Жастар саясатын үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну тәртібін әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтырылуын қамтамасыз ету ;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      жастар саясаты мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылуын мониторингтеуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      жастардың волонтерлік қызметінің дамуына ықпал көрсету;

      Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін заңнамаға сәйкес құру және қамтамасыз ету;

      адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;

      мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

      жастар мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      отбасылық саясат мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      отбасы саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингтеуді жүзеге асыру;

      отбасылармен жұмысты іске асыратын, үкіметтік емес ұйымдармен, дағдарыстық орталықтармен, олар жүргізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғандағы өзара іс-қимыл жасау;

      отбасылық мәселелер бойынша брифингтер және өзге де жарияланатын іс-шаралар дайындау;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге субъектілердің қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Мониторинг және талдау басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      үрдістерді жүйелі талдау мен болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында анықтамалық материалдар дайындау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы үрдісті талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Комитет құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      әкімдіктердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің үлгілік ережесін әзірлеу;

      жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жастар және отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      Комитет реттейтін салада жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптама кеңесінің қарауына енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      білім және тәрбие беру ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      отбасы саясаты мен жастардың адамгершілік-рухани даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу.

      Жобаларды үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар және отбасы саясаты саласындағы іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және жүзеге асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      жастар және отбасы саясаты салаларындағы Комитеттің бюджетіне ұсыныстарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде қарастырылған шығындарды нақтылау;

      жастар және отбасы саясаты салаларында іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      жастар және отбасы саясаты салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды әзірлеу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 08.10.2020 № 338 бұйрығымен.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      5) Комитеттің өз құзыреті шегінде конкурстар, фестивальдар, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, сондай-ақ бірлескен актілердің негізінде тиісті мемлекеттік органдардың, олардың келісімі бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау;

      7) Комитеттің өзіне жүктелген функцияларына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, сондай-ақ іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлерін тарту;

      8) жастар және отбасылық саясаттың дамуына үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

      Комитеттің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге құқықтары бар және өзге міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің ережесін бекітеді;

      3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ төрағаның орынбасарларын қоспағанда Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан мүддесін білдіреді;

      7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;

      8) мемлекеттік жастар және отбасылық саясаттың дамуына үлес қосқан адамдарды алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен көтермелеу мәселелерін шешеді;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      22. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) міндетті түрде Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын орындайды;

      3) басқа да фунцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      23. Заңнамада көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы мекемелердің тізбесі

      Ескерту. Тізбесіндегі жол алып тасталды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 27.02.2020 № 70 бұйрығымен.