"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығы.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті қамтамасыз етсін:

      1) бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасының
  Ақпарат және қоғамдық
  даму министрінің
  2019 жылғы 28 наурыздағы
  № 30 бұйрығымен
  бекітілген

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 02.09.2021 № 310 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитет, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілігі болған жағдайда, Министрліктің актілерімен мемлекет және Министрлік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны ауыстыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13. Комитет:

      1) Жастар саясатын үйлестіру басқармасынан;

      2) Отбасы саясатын үйлестіру басқармасынан;

      3) Мониторинг және талдау басқармасынан;

      4) Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасынан;

      5) Жобаларды үйлестіру басқармасынан құралады.

2-тарау. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Миссиясы: мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру.

      15 Міндеттері:

      1) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      Функциялары:

      Жастар саясатын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарманың құзыреті аясында адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну тәртібін әзірлеу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар саясаты саласындағы қажетті ақпаратпен толтырылуын қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;

      Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      жастар саясаты мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      жастардың волонтерлік қызметті дамытуға ықпал етуі;

      Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін заңнамаға сәйкес құру және қамтамасыз ету;

      адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      жастар мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарманың құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және отбасылық саясат салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      отбасы саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингілеуді жүзеге асыру;

      отбасылармен жұмысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен, дағдарыс орталықтарымен, олар жүргізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғандағы өзара іс-қимыл;

      отбасылық мәселелер бойынша брифингтер және өзге де жарияланатын іс-шаралар дайындау;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге субъектілердің қызметін үйлестіру;

      басқарманың құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Мониторинг және талдау басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында үрдістерді жүйелі талдау мен болжауды жүзеге асыру, сондай-ақ анықтамалық материалдар дайындау;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, анықтамалар, шолулар дайындау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпаратпен толтыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде даму және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      отбасылық саясат саласындағы үдерістерге жүйелі талдауды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық:

      мемлекеттік жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      отбасылық саясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықаралық құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      әкімдіктердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің үлгілік ережесін әзірлеу;

      жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу.

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарлама жіберу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      білім және тәрбие беру ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      жастарды адамгершілік-рухани дамыту, отбасы саясаты саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      Жобаларды үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және мен азаматтың құқығы мен бостандығын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар және отбасы саясаты саласындағы іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және жүзеге асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жинақтардың, ашық деректердің уақытылы орналастырылуын және Комитет пен Министрліктің сайттарын жастар және отбасы саясаты салаларындағы қажетті ақпараттармен толықтыруда қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      Комитеттің бюджетіне жастар және отбасы саясаты салаларындаұсыныстарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде қарастырылған шығындарды нақтылау;

      жастар және отбасы саясаты салаларында іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      жастар және отбасы саясаты салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды әзірлеу;

      басқарманың құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингілеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру, оператор арқылы гранттар беру, интернет-ресурста мемлекеттік жастар және отбасылық саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалау;

      басқарманың құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      5) Комитеттің өз құзыреті шегінде конкурстар, фестивальдар, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, сондай-ақ бірлескен актілердің негізінде тиісті мемлекеттік органдардың, олардың келісімі бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау;

      7) жастар және отбасылық саясаттың дамуына үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

      Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады және өзге де міндеттері бар.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің ережесін бекітеді;

      3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ төрағаның орынбасарларын қоспағанда Комитет қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан мүддесін білдіреді;

      7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;

      8) мемлекеттік жастар және отбасылық саясаттың дамуына үлес қосқан адамдарды алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен көтермелеу мәселелерін шешеді;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      22. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) міндетті түрде Министрдің, Министрліктің жауапты хатшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын орындайды;

      3) басқа да фунцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      23. Заңнамада көзделген жағдайларда Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.