Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы
ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ телекоммуникация және почта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар қызметі аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет мемлекет атынан, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, 4-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) телекоммуникация және почта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда табиғи монополиялар салаларында және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) телекоммуникация және почта байланысы, әуежайлар және аэронавигациялардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау және реттеуді;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды;

      2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы телекоммуникациялар және почта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты және зерттеулер жүргізу, ақпараттық-ағартушылық жұмысты және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      3) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты және мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      4) өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік- кеңесші органдар қызметін ұйымдастыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдау және норматитвік құқықтық актілерді ресми түсініктеме ұсыну;

      6) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нұсқамалар енгізу;

      7) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл салу;

      8) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа өз құзыреті шегінде жүгіну және талап-арыздар беру, сондай-ақ нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық кірісін алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен жүгiну;

      9) өз құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз құзыреті шеңберінде сұрату және алу;

      10) табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізу;

      11) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

      12) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтер (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) және тарифтік сметалар жобаларына талдау және сараптама жүргізу мәселелері бойынша сараптамалық кеңесті құру;

      13) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы табиғи монополиялар субъектілерінің ақпаратына талдау жүргізу;

      14) табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;

      15) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау әдістемесін әзірлеу;

      16) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы , азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітпейтін қол жетімділіктің техникалық жағдайларын айқындау;

      17) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

      18) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу;

      19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу және қолдану;

      20) тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеу;

      21) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін әзірлеу;

      22) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігін мониторингілеу;

      23) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      24) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза кіріс) мөлшерлемесін есептеу;

      25) тағайындалатын оңалдыратын басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалдыру жоспарын келісу;

      26) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімге, тауарларға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;

      27) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге шекті бағалардың деңгейін келісу;

      28) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту;

      29) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;

      30) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;

      31) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізу, орналастыру және он күн сайын жаңартып отыру;

      32) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

      33) лицензиялар тізілімін жүргізу;

      34) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

      35) қуаттылығы аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісу;

      36) қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

      37) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісу;

      38) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалдайтын немесе өзіне берілетін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуын келісу;

      39) осы іс-қимылды өткізгені туралы хабарлама беретін, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің, мүлікті жалға алу шартын жасасу реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналғал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің елеулі кемуіне әкеп соқпаған жағдайда ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісу;

      40) мемлекеттік монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      41) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;

      42) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;

      43) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуы бойынша хабарламаны қарау:

      44) магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;

      45) өз құзыреті шегінде энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген талаптарды сақтауын бақылау;

      46) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу белгiлерi туралы хабарлау және ақпарат немесе материалдар беру;

      47) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;

      48) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасалатын үлгі шарттарды әзірлеу;

      49) жылу, электр желілік, газ таратушы жүйелерді дамыту жоспарларын, сондай-ақ қалалар, аудандар және облыстардың сумен жабдықтау және кәріз желілерін келісу;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      51) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық ету;

      52) табиғи монополия субъектісінің реттелетін көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып бекіту;

      53) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін белгіленген тәртіппен келісу;

      54) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерін бекіту;

      55) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      56) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпеу әдістемелерін және мемлекеттік органдардың және табиғи монополия субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолдану;

      57) табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

      58) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту;

      59) станциялық жолдар, электрмен жабдықтау объектілері, дабыл беру, байланыс, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттардың және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажет өзге объектілердің тізбесін келісу;

      60) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) жолын кесу;

      61) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;

      62) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерiн және келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және олардың жолын кесу;

      63) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;

      64) тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асыру;

      65) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;

      66) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың тергеп-тексерулер жүргізуі;

      67) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;

      68) жекелеген тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қабылданған шаралар туралы жылдық есепті дайындау, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      69) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      70) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, өзінің қызметі туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастыру;

      71) мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды құруды алдын ала келiсу;

      72) бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері туралы құқық қорғау органдарын хабардар ету;

      73) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;

      74) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша зерттеулер, сараптамалар жүргізу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы мәселелері жөнінде қорытындылар беру;

      75) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру бойынша процестік әрекеттерге және іс-шараларға қатысу үшін өз қызметкерлерін сарапшы ретінде жіберу;

      76) тиісті тауар нарықтарының шекарасын айқындау;

      77) мыналардың:

      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың нысандарын белгілеу және айқындау;

      78) өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша нұсқаманы (өзiнiң немесе аумақтық органның) қайта қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексеру;

      79) монополияға қарсы органның келісімімен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның және олармен үлестес тұлғалардың тізбесін тіркеу органдарына ұсыну;

      80) нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiм ұсыну;

      81) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу;

      82) нарық субъектісінің, мемлекеттік, мемлекеттік жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;

      83) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге құпия бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйінің талдауын өзінің интернет-ресурсына орналастыру;

      84) нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жолдау;

      85) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      86) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      87) тұтынушылар шағымдарының жартыжылдық, жылдық талдауын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдау жүргізу;

      88) ведомствоның құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      89) тұтынушыларды ақпараттандыруды, оларға консультация беруді және оларды ағартуды жүзеге асыру;

      90) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау;

      91) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, ақпараттық-ағартушылық жұмыс және халыққа консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру;

      92) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарымен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттесу;

      93) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біліктілікті арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;

      94) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу және талдау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      95) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      96) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

      97) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      98) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;

      99) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      100) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      101) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      102) тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары, тексеру парақтарын әзірлеу;

      103) реттейтін салаларда тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту;

      104) аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекіту;

      105) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші, алқалы органдар құру;

      6) өз құзыретінің шегінде, оның ішінде бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгіну;

      7) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Төрағаның өкілеттіктері:

      1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) жауапты хатшыға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;

      3) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитеттің төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Төраға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      21. Комитеттің алқалы органы Басқарма болып табылады.

      Басқарманың құрамы мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бекітеді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден сатып алған өзге де мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылды деп танылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 43 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9783 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 ақпанда жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 563 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11943 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 378 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған).