Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің ережелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. 2017 жылғы 15 мамырдағы № 95-НҚ бұйрығы

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 каулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ережесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ережесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ережесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ережесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ережесі;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ережесі;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ережесі;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ережесі;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесі;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ережесі;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ережесі;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының, Тұтынушылардың құқықтарын корғау комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық Департаменттерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық Департаменттері осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын

      5. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
А. Майтиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті
төрағасының бұйрығына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында және бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) телекоммуникация және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигациялардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды;

      2) телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Комитеттің жанындағы консультативтік-кеңесші қызметті ұйымдастыруға қатысу;

      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау және нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндіру ұсыну;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нұсқамалар енгізу;

      6) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;

      7) өз құзыреті шегінде сотқа жүгіну және талап-арыздар беру, оның ішінде бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық кірісін алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен жүгiну;

      8) өз құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде сұрату және алу;

      9) табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізу;

      10) табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қалыптастыру және жүргізу;

      11) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы табиғи монополиялар субъектілерінің ақпаратына талдау жүргізу;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдаларын, концессиялық ұсыныстарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;

      13) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

      14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, мөлшерлемелерді, алымдарды) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдану;

      16) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін қолдану;

      17) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігін мониторингілеу;

      18) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      19) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза кіріс) мөлшерлемесін есептеу;

      20) тағайындалатын оңалдыратын басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалдыру жоспарын келісу;

      21) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімге, тауарларға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;

      22) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту;

      23) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте энергия өндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;

      24) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;

      25) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

      26) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамсыз ету;

      27) қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

      28) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылық және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

      29) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісу;

      30) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалдайтын немесе өзіне берілетін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуын келісу;

      31) осы іс-қимылды өткізгені туралы хабарлама беретін, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің, мүлікті жалға алу шартын жасасу реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналғал тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің елеулі кемуіне әкеп соқпаған жағдайда ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісу;

      32) мемлекеттік монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді сақтауын бақылау;

      33) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;

      34) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;

      35) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуы бойынша хабарламаны қарау;

      36) магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;

      37) өз құзыреті шегінде энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген талаптарды сақтауын бақылау;

      38) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;

      39) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң анықталған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу белгiлерi туралы хабарлау және ақпарат немесе материалдар беру;

      40) жылу және электр желілік, газ таратушы жүйелерді дамыту, сондай-ақ қалалар, аудандар және облыстардың сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жоспарларын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      42) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық ету;

      43) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып бекіту;

      44) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін белгіленген тәртіппен келісу;

      45) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерін бекіту;

      46) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      47) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпеу әдістемелерін және мемлекеттік органдардың және табиғи монополия субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолдану;

      48) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффиценттерін бекіту;

      49) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекіту;

      50) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық тұрғыдан қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, үйлердiң, құрылыстардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн келiсу;

      51) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;

      52) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және жою;

      53) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi мен келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және жолын кесу;

      54) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру;

      55) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйiн талдауды жүзеге асыру;

      56) үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;

      57) нарық субъектiлерi, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша тергеп-тексеру жүргізу;

      58) өз құзыретін шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекеттесу, жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;

      59) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қолданылатын шаралар туралы жылдық есеп дайындау;

      60) бәсекелес ортаға мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      61) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей өзінің қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялау;

      62) мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды құруды алдын ала келiсу;

      63) анықталған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарын хабардар ету;

      64) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы аналитикалық ақпарат пен мониторинг деректерін құқық қорғау органдарына ұсыну;

      65) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша сараптамалар жүргізу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша қорытындылар беру;

      66) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары және сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға сарапшы ретінде қатысу үшін жіберу;

      67) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

      68) тіркеуші органдарға аумақтық бөлімшенің келісімімен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсыну;

      69) нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiм ұсыну;

      70) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша түрде алдын ала ескерту жіберу;

      71) мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпиялар бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      72) нарық субъектілеріне нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жолдау;

      73) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексерудің нәтижелері, монополияға қарсы органның шешімдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      74) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      75) тұтынушылардың шағымдарына жарты жылдық, жылдық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайын талдау жүргізу;

      76) мемлекеттік органдарға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзумен қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы оларға ұсыныстар (ұсынымдар) енгізу;

      77) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асыру;

      78) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау;

      79) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру;

      80) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау;

      81) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу;

      82) аумақтық бөлімшенің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      83) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      84) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингтеу және талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      85) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      86) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      4) Департаменттің жанынан сараптамалық кеңестер және өзге де консультативтік-кеңесші органдар құру;

      5) өз құзыретінің шегінде сотқа шағымдану;

      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олардың қабылдаған актілерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Басшының өкілеттіктері:

      1) бұйрықтар шығарады, нұсқамалар енгізеді және қаулылар шығарады;

      2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды;

      3) Департамент басшысының орынбасарын (орынбасарларын) қоспағанда, Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті танытады;

      5) Департамент басшысының орынбасарын (орынбасарларын) қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      6) Департамент комиссиясының және сараптамалық кеңестерінің дербес құрамын бекітеді;

      7) Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

      8) басқа лауазымды адамға қол қою құқығын берместен, лицензиялауға байланысты барлық құжаттарға қол қояды. Ол болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарға қол қою құқығы Департамент басшысының міндетін атқарушыға жүктеледі;

      9) Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      10) Департаменттің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басшы болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден сатып алған өзге де мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті
төрағасының бұйрығына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ережесі

2. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, 33 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

3-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ережесі

3. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

4-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ережесі

4. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 060009, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Авангард 4 ықшам ауданы, 3 В.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

5-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі

5. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бурова көшесі, 20 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

6-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ережесі

6. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

7-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі

7. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

8-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ережесі

8. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 100000 Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атын.ауданы, Костенко көшесі, 6 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

9-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің ережесі

9. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 177 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

10-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ережесі

10. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 5 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

11-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесі

11. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 23 "А" ғиммарат.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

12-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ережесі

12. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

13-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі

13. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 150007, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 "В" үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

14-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ережесі

14. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 160011, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы №82, 2-қабат.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

15-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ережесі

15. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ташенов көшесі, 25 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

16-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ережесі

16. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiруді, телекоммуникация және пошта байланысы аясындағы, аэронавигация және әуежайлар аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі;

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 74 А, индекс нөмірі 050000.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында және бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) телекоммуникация және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигациялардың көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды;

      2) телекоммуникациялар және пошта байланысы, әуежайлар және аэронавигацияның көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты және тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Комитеттің жанындағы консультативтік-кеңесші қызметті ұйымдастыруға қатысу;

      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдау және нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндіру ұсыну;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нұсқамалар енгізу;

      6) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;

      7) өз құзыреті шегінде сотқа жүгіну және талап-арыздар беру, оның ішінде бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қою, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық кірісін алып қоюдан босату туралы өтiнiшхатпен жүгiну;

      8) өз құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде сұрату және алу;

      9) табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы салалар шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу мәніне талдау жүргізу;

      10) табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қалыптастыру және жүргізу;

      11) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы табиғи монополиялар субъектілерінің ақпаратына талдау жүргізу;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдаларын, концессиялық ұсыныстарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу;

      13) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

      14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, мөлшерлемелерді, алымдарды) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдану;

      16) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін қолдану;

      17) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігін мониторингілеу;

      18) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      19) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза кіріс) мөлшерлемесін есептеу;

      20) тағайындалатын оңалдыратын басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалдыру жоспарын келісу;

      21) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімге, тауарларға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;

      22) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту;

      23) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте энергия өндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;

      24) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;

      25) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

      26) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамсыз ету;

      27) қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

      28) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылық және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

      29) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісу;

      30) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалдайтын немесе өзіне берілетін, өзінің тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуын келісу;

      31) осы іс-қимылды өткізгені туралы хабарлама беретін, қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің, мүлікті жалға алу шартын жасасу реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналғал тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің елеулі кемуіне әкеп соқпаған жағдайда ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісу;

      32) мемлекеттік монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді сақтауын бақылау;

      33) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;

      34) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;

      35) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуы бойынша хабарламаны қарау;

      36) магистральдық темір жол желілерінің операторы магистральдық және станциялық жолдармен кірме жолдарды жалғастырудан бас тартқан жағдайда шағымдарды қарау;

      37) өз құзыреті шегінде энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген талаптарды сақтауын бақылау;

      38) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатысу;

      39) реттеушi органдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң анықталған Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу белгiлерi туралы хабарлау және ақпарат немесе материалдар беру;

      40) жылу және электр желілік, газ таратушы жүйелерді дамыту, сондай-ақ қалалар, аудандар және облыстардың сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жоспарларын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      42) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларын оларға белгіленген тәртіппен өзгертуге бастамашылық ету;

      43) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін олардың құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып бекіту;

      44) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін белгіленген тәртіппен келісу;

      45) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге төлем мөлшерін бекіту;

      46) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      47) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпеу әдістемелерін және мемлекеттік органдардың және табиғи монополия субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолдану;

      48) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффиценттерін бекіту;

      49) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекіту;

      50) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық тұрғыдан қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, үйлердiң, құрылыстардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн келiсу;

      51) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;

      52) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және жою;

      53) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi мен келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және жолын кесу;

      54) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру;

      55) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйiн талдауды жүзеге асыру;

      56) үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;

      57) нарық субъектiлерi, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша тергеп-тексеру жүргізу;

      58) өз құзыретін шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекеттесу, жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;

      59) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қолданылатын шаралар туралы жылдық есеп дайындау;

      60) бәсекелес ортаға мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      61) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей өзінің қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялау;

      62) мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды құруды алдын ала келiсу;

      63) анықталған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарын хабардар ету;

      64) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы аналитикалық ақпарат пен мониторинг деректерін құқық қорғау органдарына ұсыну;

      65) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша сараптамалар жүргізу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша қорытындылар беру;

      66) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары және сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға сарапшы ретінде қатысу үшін жіберу;

      67) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

      68) тіркеуші органдарға аумақтық бөлімшенің келісімімен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсыну;

      69) нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiм ұсыну;

      70) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша түрде алдын ала ескерту жіберу;

      71) мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпиялар бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      72) нарық субъектілеріне нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жолдау;

      73) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексерудің нәтижелері, монополияға қарсы органның шешімдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      74) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      75) тұтынушылардың шағымдарына жарты жылдық, жылдық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайын талдау жүргізу;

      76) мемлекеттік органдарға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзумен қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы оларға ұсыныстар (ұсынымдар) енгізу;

      77) тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды жүзеге асыру;

      78) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау;

      79) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру;

      80) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау;

      81) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу;

      82) аумақтық бөлімшенің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      83) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      84) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингтеу және талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      85) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      86) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      4) Департаменттің жанынан сараптамалық кеңестер және өзге де консультативтік-кеңесші органдар құру;

      5) өз құзыретінің шегінде сотқа шағымдану;

      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олардың қабылдаған актілерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Басшының өкілеттіктері:

      1) бұйрықтар шығарады, нұсқамалар енгізеді және қаулылар шығарады;

      2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды;

      3) Департамент басшысының орынбасарын (орынбасарларын) қоспағанда, Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті танытады;

      5) Департамент басшысының орынбасарын (орынбасарларын) қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      6) Департамент комиссиясының және сараптамалық кеңестерінің дербес құрамын бекітеді;

      7) Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды;

      8) басқа лауазымды адамға қол қою құқығын берместен, лицензиялауға байланысты барлық құжаттарға қол қояды. Ол болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарға қол қою құқығы Департамент басшысының міндетін атқарушыға жүктеледі;

      9) Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      10) Департаменттің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басшы болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден сатып алған өзге де мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңмен өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті төрағасының
2017 жылғы "___" _________ №
бұйрығына 17-қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық Департаменттерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 8-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 15 қазанда № 9799 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда жарияланды).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық Департаменттерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 8-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13503 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланды).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық департаменттінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 8-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 7 бұйрығы ( Қазақстан Республикасы "Әділет" министрлігінде 2014 жылы 4 қарашада № 9851 тіркелді).

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 24 қазандағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 51 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10624 тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланды).

      _______________________________________________________