Қазалы аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 48 шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
      Қазалы аудандық Қазалы аудандық
      мәслихатының мәслихатының хатшысы
      VI сессиясының төрағасы
      Б. Бекбаулов К. Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 26 тамыздағы
№ 48 шешіміне қосымша

Қазалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1) "Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының №193 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4644 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №37-38 сандарында жарияланған);
      2) "Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 193 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 маусымдағы кезекті ХХХХVІ сессиясының № 321 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5059 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2015 жылғы 1 тамыздағы №81 санында жарияланған);
      3) "Қазалы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 қарашадағы ХХХVІІ кезектен тыс сессиясының № 257 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4804 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" газетінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 98 санында жарияланған).