1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазалы аудандық | Қазалы аудандық |
мәслихатының | мәслихатының хатшысы |
VI сессиясының төрағасы | |
Б. Бекбаулов | К. Назымбеков |
Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 48 шешіміне қосымша |
Қазалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1) "Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының №193 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4644 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №37-38 сандарында жарияланған);2) "Қазалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 193 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 маусымдағы кезекті ХХХХVІ сессиясының № 321 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5059 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2015 жылғы 1 тамыздағы №81 санында жарияланған);
3) "Қазалы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 қарашадағы ХХХVІІ кезектен тыс сессиясының № 257 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4804 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" газетінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 98 санында жарияланған).