"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) дене шынықтыру және спорт саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.

      6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің келісімі арқылы Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.04.2019 № 112 бұйрығымен.

      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      13. Міндеттері:

      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен.

      14. Комитеттің функциялары:

      1) дене шынықтыру және спорт салаларда нормативтік құқықтық акті-лерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;

      2) дене шынықтыру және спорт салалардағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;

      3) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      5) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;

      6) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, сондай - ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;

      7) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      8) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;
      9) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;
      10) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;
      11) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;
      12) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;

      13) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныс енгізу;

      14) республикалық спорт медицинасы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметпен босату;

      15) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргізу;

      16) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      17) аккредиттелген спорттық федерациялармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық және халықаралық жарыстар өткізу;

      18) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;

      19) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;

      20) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      21) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру, олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгізу;

      22) спортта допингке қарсы іс-шараларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру;

      23) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын беру;

      24) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

      25) республикалық және өңірлік спорттық федерацияларды аккредиттеуді жүзеге асыру;

      26) аккредиттелген республикалық спорттық федерациялардың ұсынысы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаларының) бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындау және лауазымынан босату;

      27) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;

      28) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;

      29) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;

      30) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;

      31) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға даярлығын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;

      32) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

      33) халықтың дене даму деңгейін айқындау;

      34) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен;

      35) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 ; 22.04.2019 № 112 бұйрығымен.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) Комитет жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда) лауазымға тағайындайды және босатады;

      4) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын тағайындайды;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      8) Комитеттің Заң басқармасына жетекшілік етеді;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;

      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      11) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.04.2019 № 112 бұйрығымен.

      20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 ; 22.04.2019 № 112 бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      Ескерту. 5- тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.04.2019 № 112 бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      16. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      17. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      18. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      20. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

      22. "Қазспортинвест" АҚ.

Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат - колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 № 353 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9823 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (28516) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10172 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 228 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11791 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 306 бұйрығына қосымшаның 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12182 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған).