"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11791 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы №А-10/427 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4431 тіркелген, 2014 жылғы 21 қарашада аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойғандығы танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов