«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1000 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы туралы ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Ә.М. Жетібаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің Кинологиялық орталығының, Оқу-әдістемелік орталығының, Орталық кеден зертханасының басшылары заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Комитеттің Даму және жаңғырту департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасы (Н.В. Стрельцова) осы бұйрықты Комитеттің Кинологиялық орталығының, Оқу-әдістемелік орталығының, Орталық кеден зертханасының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының міндетін атқарушы А. Қыпшақов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 595 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Кинологиялық орталығы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) маман-кинологтарды даярлау, мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының арнайы және құқық қорғау органдары үшін асыл тұқымды және түрлі тұқымдағы қызметтік иттерді өсіру және бағып жетілдіру, арнайы жаттықтыру жөніндегі арнайы білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 686 бұйрығымен.
2. Кинологиялық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Кинологиялық орталық республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Кинологиялық орталық өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
5. Кинологиялық орталық, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған осы уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар тарапы ретінде түсуге құқылы.
6. Кинологиялық орталық өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кинологиялық орталықтың актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Кинологиялық орталықтың құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
8. Кинологиялық орталықтың заңды мекенжайы: пошта индексі 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түріксіб ауданы, Красногорск көшесі, 53.
9. Кинологиялық орталықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Кинологиялық орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Кинологиялық орталықтың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Кинологиялық орталыққа кәсіпкерлік субъектілерімен Кинологиялық орталықтың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Кинологиялық орталыққа заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Кинологиялық орталықтың міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері
14. Кинологиялық орталықтың міндеттері:
1) контрабандаға және есірткі мен психотроптық құралдардың, олардың аналогтарының, жарылғыш заттардың, прекурсорлардың, қару-жарақтың, валютаны, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды және өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына, мамандандырылған және құқық қорғау органдарына көмек көрсету;
2) мемлекеттік кірістер органдарының тиісті функцияларын орындау үшін қажетті білімге, машық пен дағдыға ие маман-кинологтарды даярлау болып табылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 686 бұйрығымен.
15. Кинологиялық орталықтың функциялары:
1) маман-кинологтармен теориялық және практикалық сабақтар өткізу;
2) есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды, қаруды және өзге де объектілерді іздеуге арналған қызметтік иттерді үйрету бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізу;
3) мемлекеттік кірістер органдары үшін әртүрлі тұқымдағы иттерді өсіру және бағып жетілдіру жөнінде жұмыстарды жүзеге асыру;
4) иттерді есірткі мен психотроптық құралдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, валютаны, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін және өзге де объектілерді іздеуге үйрету;
5) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері (бұдан әрі - ТМД) және алыс шетелдердің жетекші кинологиялық орталықтардың озық тәжірибелерін зерделеу, қорытындылау, тарату және практикалық жұмысқа енгізу, ведоствоаралық және халықаралық курстарды өткізу;
6) ветеринариялық (емдеу, профилактикалық қарап тексеру, диагностика және өзге де ветеринариялық іс-шаралар) шараларды жүргізу;
7) қызметтік иттердің көрмесін, байқауларын, конкурстарын, жарыстарын және мемлекеттік кірістер органдарында қызметтік иттерді дайындау және ит шаруашылығын дамытумен байланысты басқа да шараларды өткізу, сондай-ақ ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға және көрмелерге қатысу;
8) құзыреті шегінде асыл тұқымды бастарды жақсарту мақсатында шет мемлекеттердің кинологиялық орталықтарымен әртүрлі тұқымдағы иттерді мемлекеттік сатып алуды және алмасуды жүргізу;
9) мемлекеттік кірістер органдарын қызметтік иттермен, ветеринариялық және медициналық препараттармен, азықпен, арнайы құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен, арнайы көлікпен және техникамен, оқу деректемелерімен (ұқсатқыштармен), сондай-ақ оқыту және үйрету мақсатында қолданатын материалдармен қамтамасыз ету.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 686 бұйрығымен.
16. Кинологиялық орталықтың құқықтары мен міндеттемелері:
Құқықтары:
1) Кинологиялық орталық қызметшілерінің еңбегін ұйымдастыру және ынталандыру нысанын айқындауға;
2) Кинологиялық орталықтың әлеуметтік-тұрмыстық базасын дамытуға;
3) Кинологиялық орталықтың инфрақұрылымын жетілдіруге;
4) маман-кинологтардың үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру бойынша Комитетке ұсыныс енгізуге;
5) бөлінген қаражат есебінен мерзімді жинақтарды, баспа материалдарын басып шығаруға;
6) қызметшілерді қызметтік іссапарларға жіберуге;
7) бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі, маман-кинологтарды даярлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің басқа оқу орындарымен, ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Міндеттері:
8) мемлекеттік кірістер органдарын қызметтік-іздестіру иттермен қамтамасыз ету;
9) қызметтік иттерді ветеринариялық және медициналық препараттармен, азықпен қамтамасыз ету;
10) қызметтік иттердің сақталуын қамтамасыз ету;
11) сыбайлас жемқорлықты қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша дербес жұмыс жүргізу;
12) Кинологиялық орталықта сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
3. Кинологиялық орталықтың қызметін ұйымдастыру
17. Кинологиялық орталық тікелей Комитетке бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
18. Кинологиялық орталыққа басшылық етуді Кинологиялық орталыққа жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады.
19. Кинологиялық орталықтың басшысын Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
20. Кинологиялық орталықтың басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.
21. Кинологиялық орталық басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Кинологиялық орталық басшыларының, қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) Кинологиялық орталықтың штат санының лимиті шегінде Кинологиялық орталықтың штаттық кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кинологиялық орталықтың қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
5) Кинологиялық орталықтың құрылымдық бөлемшелері туралы ережені бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Кинологиялық орталық басшысы орынбасарларының, қызметшілерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемелерді төлеу және сыйақы беру мәселелрін шешеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
8) Комитетке ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) Кинологиялық орталықтың актілеріне құзыреті шегінде қол қояды;
10) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Кинологиялық орталықты білдіреді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кинологиялық орталығының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Кинологиялық орталықтың мүлкі
22. Кинологиялық орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Кинологиялық орталықтың мүлігі оның меншігіне берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншікті қызмет нәтижесінде және өзге көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптастырылады.
23. Кинологиялық орталыққа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Кинологиялық орталықтың оған бекітілген мүлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Кинологиялық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату
25. Кинологиялық орталықтың қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 595 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы (бұдан әрі - Орталық кеден зертханасы) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптамаларды жүргізу бойынша функцияларды және өзге функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 686 бұйрығымен.
2. Орталық кеден зертханасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Орталық кеден зертханасы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Орталық кеден зертханасы өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Орталық кеден зертханасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар ретінде түсуге құқылы.
6. Орталық кеден зертханасы өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық кеден зертханасы актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Орталық кеден зертханасының құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
8. Орталық кеден зертханасының заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.
9. Орталық кеден зертханасының толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Орталық кеден зертханасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Орталық кеден зертханасы қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Орталық кеден зертханасына кәсіпкерлік субъектілермен Орталық кеден зертханасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Орталық кеден зертханасына заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Орталық кеден зертханасының міндеттері, функциялары,
құқықтары және міндеттемелері
14. Орталық кеден зертханасының міндеттері:
1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
3) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;
4) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, басқа да объектілерге, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес оларды сыныптау үшін кедендік сараптама және зерттеу жүргізу;
6) Орталық кеден зертханасының құзыретіне сәйкес қызметтің лицензияланған түрлерін жүзеге асыру;
7) сараптама қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауда көмек көрсету;
9) сараптама қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
10) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
15. Орталық кеден зертханасының функциялары:
1) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
2) өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
4) лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру;
5) Орталық кеден зертханасы қызметінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, жетілдіру және енгізу;
6) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, сондай-ақ басқа да объектілерге кедендік сараптаманы және зерттеуді жүзеге асыру;
7) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен қызметшілеріне ведомстволық, жеке, дозиметриялық бақылауды жүргізу;
8) Орталық кеден зертханасы өлшеу құралдарының метрологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
9) стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың өзектендіруін қамтамасыз ету және сатып алу;
10) кеден ісі саласындағы сараптама қызметі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;
11) зертханааралық салыстыру және (немесе) салыстырмалы сынақтарды өткізу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес сынақ зертханасы ретінде құзыреттілікті растауға арналған іс-шараларды жүзеге асыру;
13) Орталық кеден зертханасы қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстарды жолдау;
14) Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
15) Орталық кеден зертханасы қызметінің саласындағы әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Орталық кеден зертханасының құқықтары мен міндеттемелері.
Құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды жүзеге асыруға;
3) Комитетке кеден ісі саласындағы сараптама қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
4) өз құзыреті шегінде тәуекел бейіндерін әзірлеуге және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуға;
5) Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және түсіндірулер беруге;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
7) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Міндеттемелер:
8) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысу;
9) кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысына сұрақтар қойылмаған кедендік мақсаттар үшін маңызы бар мән-жайлар туралы тұжырым енгізу;
10) олардың ұйғарымдылығы және дұрыстығы сақталған кезде кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерге зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысын ұсыну;
11) кедендік сараптама жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді таратпау, оларды өзге де мақсаттарда пайдаланбау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеу;
12) белгіленген кедендік сараптаманы жүргізу мерзімдерін сақтау;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстар жүргізу;
14) Орталық кеден зертханасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларын жүргізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.
3. Орталық кеден зертханасының қызметін ұйымдастыру
17. Орталық кеден зертханасы тікелей Комитетке бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
18. Орталық кеден зертханасына басшылық етуді Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады.
19. Орталық кеден зертханасының басшысын Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
20. Орталық кеден зертханасының басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Орталық кеден зертханасы басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Орталық кеден зертханасы қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Орталық кеден зертханасының штат санының лимиті шегінде Орталық кеден зертханасының штаттық кестесін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық кеден зертханасының қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
5) Орталық кеден зертханасының штат саны лимиті шегінде Орталық кеден зертханасының ережесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Орталық кеден зертханасы басшысы орынбасарларының, қызметшілерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;
8) Комитетке ұсынылатын ақпараттардың дұрыстығы үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Орталық кеден зертханасын білдіреді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орталық кеден зертханасының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Орталық кеден зертханасының мүлкі
22. Орталық кеден зертханасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Орталық кеден зертханасының мүлкі оның меншігіне берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қызмет нәтижесінде және өзге көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптастырылады.
23. Орталық кеден зертханасына бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Орталық кеден зертханасы оған бекітілген мүлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Орталық кеден зертханасын қайта ұйымдастыру және тарату
25. Орталық кеден зертханасының қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 595 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - Оқу-әдістемелік орталығы) мемлекеттік мекеме нысанындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылатын және таралатын, мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілері мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 29.11.2016 № 686 бұйрығымен.
2. Оқу-әдістемелік орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Оқу-әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Оқу-әдістемелік орталығы өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
5. Оқу-әдістемелік орталығы өз құзіретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ОӘО-ның актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
6. Оқу-әдістемелік орталығының құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
7. Оқу-әдістемелік орталығының заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 60.
Оқу-әдістемелік орталығының кейбір құрылымдық бөлімшелері өзге мекенжайлар бойынша орналасуы мүмкін.
8. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже ОӘО-ның құрылтай құжаты болып табылады.
10. Оқу-әдістемелік орталығының қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Егер Оқу-әдістемелік орталығына заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Оқу-әдістемелік орталығының міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері
12. Оқу-әдістемелік орталықтың міндеттері:
1) мемлекеттік кірістер органдарының жанадан қабылданған қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау оқыту процесін олардың кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) халықаралық стандарттарға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
3) мемлекеттік кірістер органдарының зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуымен білікті кадрлармен қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнамалары саласында дағдыларға ие болу;
4) кәсіби даярлаудың мемлекеттік және халықаралық білім беру стандарттарының оқу процесі барысында игеру және іске асыру;
5) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің кәсіпқойлығын артыру мақсатында білімді тарату және беру;
6) Дүниежүзілік кеден ұйымына (бұдан әрі – ДКҰ) мүше мемлекеттердің кеден қызметі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін оқыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты және өзара іс - қимылды дамыту.
13. Оқу-әдістемелік орталығының функциялары:
1) Комитеттің, оның аумақтық органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің тұрақты оқыту сапасын жақсарту, оқу процесін ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жаңғырту негізінде, даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының кеден, салық және өзге заңнама саласында оқыту процесін ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының жанадан қабылданған қызметшілер мен қызметкерлерінің алғашқы кәсіби білімі мен дағдыларын алу мақсатында кәсіби бейімделуінің оқыту процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) даярлаудан (қайта даярлау) өткен тыңдаушылардың кәсіби білім деңгейін кешенді бағалау және оларды одан әрі оқыту процесінде пайдалану үшін ұсынымдарды әзірлеу және талдау;
6) электрондық кітапхананы дамыту және оның қорын шетел мемлекеттердің кеден, салық және өзге заңнама саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел ДКедҰ мүше мемлекеттердің мерзімді әдебиеттерімен толықтыру;
7) бюджеттен бөлінген қаражаттар шеңберінде семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
8) жұмыс оқу бағдарламаларын және жұмыс оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;
9) оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу;
10) мемлекеттік кірістер органдарының кадрларын дайындау және арттыру бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану;
11) ДКедҰ Еуропа өңірі мемлекеттерінің кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар мен курстар өткізу;
12) оқу материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық базасын дамыту және жетілдіру;
13) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
14) Комитет қызметінің өзекті бағыттары бойынша әзірлемелер және ғылыми зерттеулер жүрзізуді ұйымдастыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14. Оқу-әдістемелік орталығының құқықтары және міндеттемелері:
1) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің кеден, салық және өзге заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорытындылау, сондай-ақ кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
2) өз құзіреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік және өзге органдарымен, сондай-ақ шет елдердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) ұйымдастырушылық құрылым, Оқу-әдістемелік орталығы қызметшілерінің еңбегін ынталандыру мен жұмысты ұйымдастыру нысанын анықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) материалдық-техникалық және әлеуметтік базаны дамыту;
5) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) білім беру процесін қамтамасыз ету мүддесін ғылыми қызмет, өнерпаздық және рационализаторлық ұсыныстар бойынша жұмысына конкурстарды құзыреті шегінде өткізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру;
8) Оқу-әдістемелік орталығының қызметшілер мен қызметкерлерін қызметтік және ғылыми іссапарларға жіберу;
9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің оқу мекемелерімен, ұйымдарымен мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерінің даярлауы, қайта даярлауы және біліктілігін арттыруы бойынша өзара іс-қимыл жасау;
10) мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілер мен қызметкерлерін жоғары денгейде оқытуды, қайта оқытуды жүзеге асыру;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстарын жүргізу;
12) Оқу-әдістемелік орталығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты профилактикалауга бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
13) Оқу-әдістемелік орталығы қызметшілерінің біліктілігін арттыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.
3. Оқу-әдістемелік орталығының қызметін ұйымдастыру
15. Оқу-әдістемелік орталыққа басшылық ету Оқу-әдістемелік орталығына жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады.
16. Оқу-әдістемелік орталығының басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасарлары бар.
18. Оқу-әдістемелік орталығының басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшыларының, қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оқу-әдістемелік орталығының қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
4) Оқу-әдістемелік орталығының құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
5) Оқу-әдістемелік орталығының штат санының лимиті шегінде Оқу-әдістемелік орталығының штаттық кестесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Оқу-әдістемелік орталық басшысы орынбасарларының, қызметшілерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелрін шешеді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Оқу-әдістемелік орталықты білдіреді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
9) Комитетке ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы үшін дербес жауапкершілікте болады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Оқу-әдістемелік орталығының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі
19. Оқу-әдістемелік орталығының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Оқу-әдістемелік орталығының мүлкі оның меншігіне берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қызмет нәтижесінде және өзге көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптастырылады.
20. Оқу-әдістемелік орталыққа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
21. Оқу-әдістемелік орталығы оған бекітілген мүлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Оқу-әдістемелік орталықты қайта ұйымдастыру және тарату
22. Оқу-әдістемелік орталығының қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.