Аудан әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі М.Аққағазов

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 73 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1) 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 68 "Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-98 болып тіркелген).
      2) Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 23 "Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-139 болып тіркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2012 жылы 1 наурызда жарияланған).
      3) Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 54 "Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-144 болып тіркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2012 жылы 1 сәуірде жарияланған).
      4) Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 111 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4346 болып тіркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2015 жылы 9 маусымда жарияланған).
      5) Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 08 ақпандағы № 23 "Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2013 жылғы 03 қазандағы № 184 санды қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3656 болып тіркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2013 жылы 7 қарашада жарияланған).
      6) Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 54 "Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2013 жылғы 03 қазандағы № 183 санды қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3655 болып тіркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2013 жылы 7 қарашада жарияланған).