Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 23 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 ақпанда № 3-4-139 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 20.04.2016 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 03.10.2013 № 184 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Байғанин ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылсын.
      2. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі және ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері, олардың қаржыландыру көзі осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      3. "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Спанова) жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмысқа жолдауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі: Б.Кемешов

  Аудан әкімдігінің 2012 жылғы
8 ақпандағы № 23 қаулысына
1 ҚОСЫМША

Аудан бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізетін ұйымдардың тізбесі

      1. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" ММ
      2. "Байғанин аудандық қаржы бөлімі" ММ
      3. "Ащы селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      4. "Көлтабан селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      5. "Қопа селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      6. "Сартоғай селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      7. "Жаңажол селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      8. "Жарқамыс селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      9. "Қызылбұлақ селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      10. "Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
      11. "Миялы селолық округі әкімінің аппараты" ММ
      12. "Байғанин аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ
      13. "Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі" ММ
      14. "Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
      15. "Байғанин аудандық мәдениет үйі" МКҚК
      16. "Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
      17. "Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
      18. "Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" ММ
      19. "№ 14 Байғанин кәсіптік лицейі" ММ
      20. "Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ
      21. "Байғанин ауданының әділет басқармасы" ММ
      22. "Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі" ММ
      23. Байғанин аудандық соты
      24. "Ақтөбе облысының сот актілерін орындау жөніндегі департаменті" ММ Байғанин аудандық аумақтық бөлімі
      25. "Байғанин аудандық прокуратурасы" ММ
      26. "Байғанин аудандық мәслихат аппараты" ММ
      27. "Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы" ММ
      28. "Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ
      29. "Байғанин аудандық жер қатынастары бөлімі" ММ
      30. "Шаттық" балалар бақшасы МКҚК
      31. "Қарауылкелді балалар бақшасы" МКҚК
      32. "Байғанин аудандық балалар музыка мектебі" МКҚК
      33. "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Салық Департаменті Байғанин ауданы бойынша салық басқармасы" ММ
      34. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" ММ
      35. "Қарауылкелді орта мектебі" ММ
      36. "Т.Жармағанбетов атындағы орта мектебі" ММ
      37. "№ 3 Қарауылкелді орта мектебі" ММ
      38. Аудандағы, селодағы орта мектептер мен балабақшалар, кітапхана бөлімшелері
      39. "Байғанин аудандық орталық ауруханасы" МКҚК
      40. "Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Байғанин аудандық бөлімі" ММ
      41. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті Байғанин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
      42. Байғанин ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімі
      43. "Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ
      44. "Байғанин аудандық музейі" ММ
      45. "Байғанин аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі" ММ
      46. "Ақтөбе облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы ММ" Байғанин филиалы

  Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
8 ақпандағы № 23 қаулысына
2 ҚОСЫМША

Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін еңбекақының мөлшері, оларды қаржыландыру көзі

Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері
Нақты жағдайлары
Еңбегіне төленетін еңбекақының мөлшері
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
"Әлеуметтік шараларды өткізуге көмек" жобасы
1. Спорттық-көпшілік шараларды жүргізу
2. Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру
Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздарға арнайы ұйымдастырылады.
Арнаулы білімі жоқ адамдар уақытша жұмысқа орналастырылады
Қоғамдық жұмыстар толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша ұйымдастырылады
(5 күндік толық емес жұмыс күні, 2 күн демалыс белгіленуі);
толық емес жұмыс уақыты режимімен (5-6 сағат)
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде
Жергілікті бюджет
"Жады" жобасы
1. Мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау
"Мейірбан медбике" жобасы
"Жасөспірімдер және жастармен жұмыс жүргізу" жобасы
"Құрылыс бригадасы" жобасы
1. Мектеп, клуб, бюджет саласындағы басқа да ғимараттарды жөндеу жұмыстары
"Жолдар" жобасы
1. Көлік жолдарын жөндеу, қыста қардан тазарту, құм, сондай-ақ, қиыршық тас төсеу жұмыстары
"Көркейту жобасы
1. Аудан орталығы, селолық елді мекендердің санитарлық тазалығы, ағаш отырғызу, аулаларды абаттандыру
"Санақ" жобасы
1. Шақыру комиссиясы кезінде әскери комиссариатқа көмектесу, халық санағы кезінде жәрдемдесу, учаскелік комиссиялардың жұмысына жәрдем беру
2. Аз қамтылған отбасыларды зерттеу, ҰОС қатысушылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің әлеуметтік мәселелерін шешуге көмек жұмыстары
"Сарбаз" жобасы
1. Елді мекендердегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қылмыстың алдын-алуға көмектесу
2. Жергілікті бюджетке қарайтын обьектілерді күзету жұмыстары
"Кітапқа екінші өмір" жобасы
1. Кітапханалар және мектеп кітапханаларындағы кітаптарды және оқулықтарды, мұрағаттың құжаттарын жөндеу және қалпына келтіру
"Ауыл шаруашылық жұмыстар" жобасы
1. Мал ауруларының алдын алуға арналған,іріктеуге, ұрықтандыруға, қолдан егуге жәрдемдесу
2. Жайылым мен шабындық жерлерге фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін химиялық өңдеуге жәрдемдесу
"Мектеп: ертеңгілік ас әзірлеу" жобасы
Мектеп оқушыларының тамақтандыруын ұйымдастыруға арналған
"Тәлімбақ" жобасы
"Туған өлке" жобасы.
Құдықтарды, бұлақтарды, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланылатын өзендер мен су қоймаларының жағаларын қоршау.
"Әлеуметтік қызмет көрсету" жобасы
Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне отындарын дайындауға, аулалары мен үйін тазартуға жәрдемдесу.