Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ А-4/123 қаулысына
қосымша

Ақкөл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № А–1/54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурызда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2. "Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № А-1/54 "Жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/406 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3863 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      3. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № А–2/49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      4. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № А–3/83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4743 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      5. "Ақкөл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № А–11/386 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5132 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      6. "2016 жылға Ақкөл ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № А–11/387 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5133 тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтарда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысы.