Ақкөл ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіт

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № А-11/386 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 5132 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-4/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде – бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар;
      5) 50 жастан жоғары адамдар.
      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № А-12/488 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4532 тіркелген, 2015 жылғы 2 қаңтарда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысы күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов