Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 647 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 79 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2006 ж. қараша, № 16, 227-құжатта жарияланған);
      2) «Кен орындарын жерасты ұңғылап және үймелеп шаймалау тәсілдерімен игерудің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 79 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6044 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан 2010 ж. 13 наурызда № 94-95 (25941) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрық жөнінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                            А. Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 17 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _____________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 12 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ____________ В. Школьник
      2015 жылғы 4 маусым